16 Қаңтар, 2012

Хиллари КЛИНТОН: Қазақстандағы заңдылық ұлықтылығы

305 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Хиллари КЛИНТОН: Қазақстандағы заңдылық ұлықтылығы

Дүйсенбі, 16 қаңтар 2012 7:52

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты стратегиялық серіктестігінің болашағын талқылады.
Қазақстан және АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары дипломатиялық қатынастар­ды орнату күнінен бері 20 жыл­дың ішінде екі мемлекет ұзақ жолды еңсеріп, кең ауқымды ын­ты­мақтастықты әрі қарай ны­ғай­ту жолында баянды негіздер қа­ла­ғанын атап өтті. Бұл ынты­мақ­тастық қауіпсіздік, жаппай қы­рып-жоятын қару-жарақтарды таратпау, энергетика, экономикалық даму, аймақтық тұрақтылық және демократиялық үдерістерді дамыту сияқты салаларды қамтуда.

Е.Қазыханов Мемлекеттік хат­шыны Парламент Мәжілісіне сай­лауды өткізу жұмысы жайлы хабардар етіп, сайлау демо­кра­тия­лық даму жолында маңызды қадам болып, еліміздің одан әрі жүйелі және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкін­дік туғызатынын баса айтты.
Х.Клинтон Қазақстанның ер­кін әрі әділ сайлауды өткізуге деген нық ұстанымына мызғымас қолдау білдіріп, еліміздің ашық­ты­ғы мен көптеген шетелдік байқаушылардың шақырылуын айрықша атап өтті. Мемлекеттік хатшы Америка Құрама Штаттары Қазақстанның әрі қарай жан-жақты дамуын толыққанды қол­дайтынын баса айтып, еліміз­де­гі үдерістердің маңызды аймақ­тық тұрғыда өтіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ Мем­лекеттік департаментінің басшысы, Конституциялық Кеңес көз­қа­расына қарамастан, бүкіл қа­зақ­стандықтардың конституция­лық борышын қамтамасыз ету мүдделеріне бағышталған Қа­зақ­стан Президентінің Жаңаөзендегі сайлауды өткізу жөніндегі шеші­мі Қазақстандағы заңдылық ұлық­тылығы мен демократия қағи­да­ларына деген нық ұстанымының жарқын айғағы деп айтты.
Сұхбаттасушылар Қазақстан­ның Сыртқы істер министрінің Вашингтонға жуық арада баратын ресми сапары екі ел пре­зи­денттері арасында қол жеткі­зіл­ген уағдаластықтар мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі үде­ту­ге серпін беретіндігін атап өтті.
Осыған орай, 2012 жылғы нау­рызда Сеулде өтетін Екінші ядро­лық қауіпсіздік саммитінің және оның аясында Президент  Н.На­­зарбаев пен Президент Б.Обама кездесуінің маңыздылығы атап айтылды. Қазақстан Прези­дентінің Сеулдегі саммитке қа­ты­суы Ақ үй басшысы мен Корея Республикасы Президенті Ли Мен Бактың шақырулары негі­зін­де жоспарлануда.
Хиллари Клинтон: «Президент Назарбаев ядролық қару-жарақты таратпау және қарусыздандыру режімін нығайтуға зор жеке үле­сін қосты, осы орайда Президент Обама Қазақстан көшбасшысы­мен және әлемнің басқа елдері басшыларымен осы маңызды са­ла­да­ғы ынтымақтастықты нығай­ту­ға бағышталған кездесулерді асыға күтеді», – деп атап өтті.
«Егемен-ақпарат».