«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таразда газ жарылысынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Президент қайғылы оқиға тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алғанын айтты.
Еске сала кетейік, бүгін Тараздағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 2 адам қаза тапты. Қазір тиісті органдар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.