– Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан келдім. Өздеріңіз білетіндей, биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына жиырма жыл толды. Осы бір мерейлі жылды асыға күттік. Бастауыш партияның XVIII съезіне делегат болып келу – бізге үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Осыған дейінгі съездерге куә болып келеміз, бұл съездің бұрынғылардан өзгешелігі – жиынды, ондағы талқыланатын мәселелер мен алға қойылатын міндеттерді білуге барша қазақстандықтардың барынша ықылас білдіргені. Бүгінгі жиында елдегі түйткілді мәселелерге қатысты маңызды шешімдер қабылданды.
Партияның жариялаған 2030 жылдарға арналған бағдарламасы өміршең болатыны белгілі, өйткені онда алдағы он жылға арналған жоспар, үлкен қадамдар мен мақсаттарға негізделген нақты әрекеттер қамтылған. Дегенмен, меніңше, заманның әрдайым өзгеріп отыратынын ескерсек, заманға, ондағы проблемаларға қарай, бұл бағдарламаның мазмұны мен бағыты да жақсы жағына өзгереді.
Ибрагим СӘРСЕНБАЕВ,
Ақтөбе облысындағы «Наурыз Сим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры