Тараптар Ляньюнган порты қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалының әлеуетін пайдаланудағы ыңтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелерін талқылады.
Өңделген жүктер көлемі артуының оң динамикасы атап көрсетілді. Қазақстан арқылы транзитпен Ляньюнган порты арқылы Қытай/Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия/Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттарында логистикалық шешімдері және жаңа бағыттарды құру перспективалары қаралды.
Тараптар «Қорғас – Шығыс қақпасы» Құрғақ порты мен Ляньюнган портында бірлескен кәсіпорындар құру шеңберінде өзара тиімді ықпалдастықты арттыруға ден қойды.
Сондай-ақ Транскаспий бағыты мен ҚХР-ОА-ҚХР, ҚХР-РФ-ҚХР бағыттарында жүктер тасымалын кепілді қамтамасыз ету мақсатында өндірістік активтерді инвестициялау мәселелерін талқыға салды.
Тараптар Қазақстан аумағы арқылы транзитік жүкағының тарту, контейнерлік бизнесті дамытуға мүдделі екенін жеткізді.