Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Отандық медицинаның бәсекеге түсу қабілеттілігі жыл өткен сайын артып келеді - Қайрат Айдарханұлы

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Отандық медицинаның бәсекеге түсу қабілеттілігі жыл өткен сайын артып келеді - Қайрат Айдарханұлы

– «Нұр Отан» партиясы бү­гінде еліміздегі жетекші пар­тияға айналып, нақты нәти­женің партиясы атанды. Партия көтерген барлық мәсе­лелер оң шешімін табуда. Мен өз салам бойынша ай­тар болсам, бүгінде елімізде медицина саласы қарқынды дамып келеді. Отандық медицинаның өзге елдермен бәсекеге түсу қабілеттілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ ел дамуының негізгі көрсеткіші – халықтың әл-ауқаты өсіп, өмір сүру жасы ұзарды. 

Сонымен қатар, партияның кезекті съезінде қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру жұмысына ерекше назар аударылды. Мұнда әлеуметтік мәселелер жан-жақты көтеріліп, оның тиімді шешімін табу үшін көптеген шаралар қабылданды. Соның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы, аз қамтылған отбасылар және әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарға мемлекеттік қолдау жасаудың қаржылай тетіктерін жақсарту аса маңызды екенін атап көрсетті. Мұның барлығы еліміздегі адамның даму индексін көтеру, денсаулығын жақсарту мәселесін шешуге тікелей әсер етеді.

Қайрат АЙДАРХАНҰЛЫ

Астанадағы «Шипалы» емдеу орталығының директоры, денсаулық сақтау саласының үздігі

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45