Спорт • 28 Ақпан, 2019

Велотректен әлемдік сында Қазақстан құрамасы көш соңында қалды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Пружков қаласында велотректен әлем чемпионаты басталды. Біріншіліктің алғашқы күнінде спринттен командалық жарыс өткен болатын. Қазақстан құрамасы іріктеуден аса алмады деп жазады Olympic.kz.

Велотректен әлемдік сында Қазақстан құрамасы көш соңында қалды

Максим Налетов, Сергей Пономарев және Павел Воржевтен құралған біздің команда 16 құраманың ішінен ең соңғы орында қалды. 

Ал іріктеу сынында Нидерланд құрамасы бірінші, Франция екінші, Жаңа Зеландия үшінші орынға тұрақтаған. 

Әлем чемпионаты 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар