Спорт • 28 Ақпан, 2019

Шаңғы федерациясы Полтораниннің жарыс жолына шықпай қалуына байланысты түсініктеме берді

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР шаңғы жарысының Ұлттық федерациясы Австрияның Зеефельде қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алексей Полтораниннің жарыс жолына шықпай қалуына қатысты пікір білдірді.

Шаңғы федерациясы Полтораниннің жарыс жолына шықпай қалуына байланысты түсініктеме берді

Бұған дейін неміс журналисті Хайо Зеппельт Твиттерінде Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазған еді.

Белгілі болғандай, австриялық шаңғышылар Доминик Балдауф пен Макс Хаукені қазірдің өзінде полиция ұстаған. Олардан бөлек, 15 шақырымдық классикалық жарыс жолына Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин, сонымен бірге эстондық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъярв шықпаған. ҚР шаңғы жарысының Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова мәлім еткендей, бұл жағдай бәріне күтпеген оқиға болып отыр.

«Бұған дейін басқа БАҚ көздеріне хабарлағанымыздай, біз кез келген әділетсіз әдістер мен тыйым салынған субстанцияларды қолдануға қарсымыз. Бірақ, Алексей Полтораниннің антидопингті ережелерді бұзғаны дәлелденгенше, WADA, МОК, FIS-тен біздің федерацияға хабарлама келіп, Алексейге ресми түрде айып тағылғанша біз өз спортшымызды қорғаймыз. Әзірге істің мән-жайын анықталып жатыр» дейді федерацияның баспасөз хатшысы.