«Эйр Астана» колл-центрі жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда.
27 ақпандағы КС908 Дели-Алматы рейсі қазіргі кезде Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы Маскат әуежайы бағытында ұшты, ол жерден отынды үстеп құйып, ары қарай Алматыға ұшып барады. Алматыға жергілікті уақыт бойынша 17:22-де қонады деп күтілуде.