«Кеше Австриялық Заефельд қаласында шаңғы жарысы бойынша Әлем Чемпионатының кезеңінде 15 шақырымдық қашықтыққа жүгіру өткен болатын. ҚР Ұлттық құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин 40-шы старттық нөмірмен шығуы керек болатын, алайда жарыс жолына шықпады. Бүгінгі таңда қазақстандық шаңғышыға Австрия үкіметі, Халықаралық Олимпиада Комитеті, Шаңғы Федерациясы, Дүниежүзілік Допингке қарсы Агенттік тарапынан ешқандай айып тағылған жоқ. Австрияда Юрий Каминский бастаған жаттықтырушылар құрамы, ҰОК өкілдері, ҚР Шаңғы спорты Федерациясы өкілдері мен Алексейдің жеке жаттықтырушысы Алексей Наконечный бар. Бүгінгі таңда барлық жағдай анықталып жатыр. Алексей – шаңғы спортының үздігі,Әлем Чемпионаты, ФИС-старттардың жеңімпазы мен жүлдегері. Біз қашанда таза спортты қолдаймыз, әзірге Алексейге ешқандай кінә тағылған жоқ. Біз оны соңына дейін қорғаймыз.»,-деді Серік Сәпиев.