Әлем • 28 Ақпан, 2019

Өткен өмірді бақылауда ұстау: хакерлер біздің есте сақтау қабілетімізге әсер ете ала ма?

478 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елестетіп көріңіз, сіз барлық естеліктеріңізді «Инстаграм» лентасы секілді оңай айналдырып көре аласыз... Оларды сұрыптап, жадыңызда тек қалаған сәттерді сақтай аласыз... Дегенмен оның антиутопиялық нұсқасын елестету қорқынышты, себебі болашақта хакерлер сіздің жадыңызға кіріп, естеліктеріңізді жойып жіберемін деп ақша талап етуі мүмкін. Бұл туралы BBC жазды.

Өткен өмірді бақылауда ұстау: хакерлер біздің есте сақтау қабілетімізге әсер ете ала ма?

Қазір бұл сіз үшін қиял болып көрінгенімен, мұндай болашақтың «ауылы алыс емес» екені анық.

Нейротехнологияның жетістіктері жадымыздың мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны басқаруға тағы бір қадам жақындатты. Ғалымдардың айтуынша, бірнеше онжылдықтан кейін біз өз естеліктерімізді басқарып, өңдеп, қайта жазамыз.

Мұндай төңкеріс жасауға нейростимулятор деп аталатын электронды имплантаттар (чиптер) мүмкіндік берген. Олар адам миына әсер етіп, нейрохирургияда кеңінен қолданылып келеді.

Мұндай имплантаттар ауыр сырқаты бар адамдардың миында терең стимуляция жасауға көмектеседі. Нейростимулятордың көмегімен диабет сияқты ауруларды бақылауда ұстай аламыз.

«10 жылдан кейін нарықта алғашқы коммерциялық импланттар пайда болса еш таң қалмаймын» - дейді Окфорд университетінің функционалдық нейрохирургия зерттеу тобының мүшесі Лори Пайкрофт.

20 жылдан кейін технологиялар дамып, ми сигналдарын электронды жазып алуымыз мүмкін. Ал XXI ғасырдың ортасына қарай тіпті біз елестетіп көрмеген жетістіктер орындалуы ықтимал.

«Бірақ жадымызды бақылау қауіпті адамдардың қолдарына түссе, жағдай қиын болмақ» - дейді Пайкрофт. Мәселен Паркинсон дерті бар науқастың нейростимуляторын хакерлер «бұзып», жүйені өзгертіп кетсе, ол науқастың ойына, іс-әрекетіне әсер етіп, уақытша сал ауруын тудыруы мүмкін.

«Егер бұл технология пайда болса, демек біз адамдардың іс-әрекетін басқара аламыз. Олардың әрекеті ұнамаған жағдайда, миының негативті эмоциялар тудырып тұрған бөлігіне әсер етіп, дереу тоқтата аламыз» - дейді «Касперский Зертханасының» вирустар аналитигі Галов.

Қазіргі таңда ғалымдар мен сарапшыларды қауіпсіздік мәселесі алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, біз бұл имплантаттардың киберқауіпсіздігін бірінші толқыннан қамтамасыз етуіміз керек. Себебі қауіпсіздікке бірден кіріспесек, екінші, үшінші толқынмен келген имплантаттар да қауіпте болады.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45