61 келіде Қазақстан атынан Нұрислам Санаев пен Қайрат Әміртаев сынға түскен болатын.
Санаев бірінші белдесуінде ресейлік Арыйян Тютринді 6:2 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.
Өкінішке қарай, Қайрат Әміртаев түрік балуаны Реджеп Топалға 6:7 есебімен есе жіберді.
Бүгін сондай-ақ, 70, 79 және 92 келідегі балуандар да сынға түседі.