«Бір тәулік ішінде қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 30 407 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 4 109, өзге мекемелер 25 543, «Астана көгалдандыру құрылысы» 755 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС-нің хабарламасында.
16 қазан мен 27 ақпан аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 338 544 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 247, ал 13 қазан мен 27 ақпан аралығында 23 299,5 текше метрі себілді. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 483,73 тоннасы шашылды.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.