30 Қараша, 2012

Дүбірге толы дүние

339 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Дүбірге толы дүние

Жұма, 30 қараша 2012 6:50

Президент Мурси райынан қайтты

Египетте тағы да толқулар болып жатыр. Бұрын алаңға шыққан жұрт Мүбәрактан қалған мұраны біржола тазартайық десе, енді жаңа президент Мохаммед Мурсиге қарсылығын білдіріп отыр.

Соңғы кезде Египет, оның пре­зиденті Мохаммед Мурси үлкен сая­си оқиғаларға байланысты ауыз­­­­­ға көбірек алынып жүр. Ең алдымен Мурсидің Палестинаның Газа секторы мен Израиль арасындағы қақтығысты реттеуге байланысты белсенділік көрсетіп, бітімгер қай­раткер ретінде көзге түскені белгі­лі. Оны әлем жұртшылығы жоғары бағалады десек жөн.

 

Жұма, 30 қараша 2012 6:50

Президент Мурси райынан қайтты

Египетте тағы да толқулар болып жатыр. Бұрын алаңға шыққан жұрт Мүбәрактан қалған мұраны біржола тазартайық десе, енді жаңа президент Мохаммед Мурсиге қарсылығын білдіріп отыр.

Соңғы кезде Египет, оның пре­зиденті Мохаммед Мурси үлкен сая­си оқиғаларға байланысты ауыз­­­­­ға көбірек алынып жүр. Ең алдымен Мурсидің Палестинаның Газа секторы мен Израиль арасындағы қақтығысты реттеуге байланысты белсенділік көрсетіп, бітімгер қай­раткер ретінде көзге түскені белгі­лі. Оны әлем жұртшылығы жоғары бағалады десек жөн.

Әлде соның әсері ме, президент Мурси өзінің ішкі саясатында да белсенді әрекетке барып, оппозиция тарапынан қатты сынға ұшы­рады. Тіпті оған мемлекеттік төң­ке­ріс жасау ниеті барлығы жөнінде айып тағылып, оппозиция халықты қарсылық әрекеттерге шақырды. Халықтың атақты Тахрир алаңына шығып, полицияға қарсылық көр­сетуі содан басталған.

Мурсидің белсенділігі дегенде, ол елдің конституциялық декларациясына біраз өзгерістер енгізіп, президенттің «революцияны қор­ғау жолындағы» өкілеттігін айтар­лықтай көтерді. Бұл өзгеріске байланысты сот орындарын біраз құ­қы­нан айырды. Сондай-ақ, Мурси қол қойған кез келген заңдар мен жарлықтарға шағым жасалмайды, оны тоқтатуға болмайды. Бас прокурорды тағайындау да енді пре­зиденттің құзырында. Тіпті оны Мурси жүзеге асырып та тастады – бұрынғы бас прокурор Әбділмағид Махмұдты орнынан алып, Талғат Ибрагимді тағайындады.

Оппозиция өкілдері бұған үзіл­ді-кесілді қарсы шықты. Оппозиция дегенде, тек бұл жерде ғана емес, дүние жүзіне белгілі қайрат­керлер – МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры, Нобель сыйлығы­ның лауреаты Мұхаммед әл-Бара­деи мен Араб мемлекеттері лига­сы­ның бұрынғы басшысы Әмір Мұса біріккен баспасөз конференциясын өткізіп, Мурсидің «елдегі биліктің үш тармағын да өзі иеленгісі» келгенін айыптады. Сарапшылар, журналистер Мурси билігін абсолюттік монархияға теңеп, оны жаңа фараон деп те атады. Халық көшеге шықты.

Жағдай қиын бағыт алып бара жатқандықтан, Жоғарғы сот кеңесі президентке келісім жолын ұсын­ды. Президенттің соңғы жарлық­та­рын тоқтатпағанмен, оның қолда­нысын шектеу қажеттігін айтты. Сірә, өзінің асығыс қадамдарын аңғарса керек, президент Мурси де бұл ұсынысты қабыл алды. Сонымен бірге, президенттің өкілеттігін кеңейтетін жарлықтың тек уақыт­ша екенін айтты.

Кейде қайраткерлердің өзінің асығыс әрекеттерінің жөнсіздігін мойындап, дер кезінде мәміле жолына түсуі де білгендік-ау дерсің. Айтқанынан қайтпаймын деп, қа­са­рыса берсе, оның аяғы шиеленіс­ке апарып соқтырары белгілі. Ай­та­лық, Сириядағы жағдай бұған айқын мысал. Арандатушылардың жетегінде кеткен Башар Асад ал­ғашқы кезеңде оппозицияның үкі­метті орнынан алу, парламенттік сайлау өткізу, төтенше жағдайды тоқтату жөніндегі талаптарын орын­дамай, қасарысты. Ал кейін жағдай шиеленісіп кеткен соң, оны орындағанмен, нәтиже шықпады. Ал президент Мурсидің қарсы­лас­тарымен мәмілеге баруы құптар­лық-ақ. Мұны халықаралық сарапшылар, саясатшылар да айтып отыр. АҚШ президенті Барак Обама да Мысыр халқына үндеуінде елдің конституциялық текетіресін бітім жолымен шешетініне сенім білдіріп, Мурсидің қадамын қолдайтынын аңғартты.

Бәрібір Египеттегі жағдай күр­делі күйінде қалып отыр. Қарсы­лық әрекеттер толастар емес. Бір жүйеден екінші жүйеге көшу қа­шан да қиын. Зайырлы мемлекет­тің ұстанымында қалыптасқан тәр­тіптен діни фанатизмге ауысу оңай соқпайды. Президент Мурси сол қиындыққа тап келіп отыр.

Каталония Испаниядан бөліне ме?

Бұл әңгіме көптен бері айтылып келеді. Соған орай халықтың арасында толқу да бар. Дәл бүгін бүкіл Испания мемлекеті де, Каталония аймағы да айрықша кезеңді бастан кешіп отыр. Каталонияда парламенттік сайлау өтті.

Жаңа парламент басым дауыс­пен аймақтың бөлінуі жөнінде референдум өткізуге байланысты шешім қабылдаса, оған Орталық үкімет құлақ асуы мүмкін. Бірақ Испания конституциясына орай аймақтың мәртебесіне байланысты референдум өткізу жөнінде шешім қабылдау құқы тек Орталық үкімет пен конгреске берілген. Сондықтан бөліну жөнінде референдум өткі­зудің ауылы алыстау сияқты. Бұдан бұрынырақ Баск аймағы референдум өткізбек болғанда, Орталық үкімет оған рұқсат бермеген.

Бірақ каталониялық сепаратис­тердің жоспары басқа. Егер аймақ­тық парламент бірауыздық танытар болса, Орталық үкімет олармен санасуға тиіс, дейді. Бұл пікірдің де қисыны бар. Каталония айма­ғы­ның, оның астанасы Барселонаның ел өмірінде орны ерекше. Елдің өнер­кәсібі сонда шоғырланған. Бұл аймақ бүкіл ел ІЖӨ көлемінің 20 пайызын өндіреді, бұл дегеніңіз 200 миллиард еуро. Бюджетке қо­сар үлесі де үлкен. Бірақ одан алары аз.

Каталондар мұны әділетсіздік санайды. Бергенімізге қарай, алуымыз керек, басқаларды асырамаймыз, дейді. Сырттай қарағанда, уәж­ді сияқты. Бірақ кез келген елдің бір аймағы осылай болады. Ол оның орналасуына, табиғи жағ­дайына да байланысты. Айталық, шөлді аймақ пен теңіз жағалауын­дағы шалғынды өңірді салысты­руға келмейді. Содан да мұндай талапты негізді дей алмайсың. Бұл аймақтың Испанияға қосылғанына 300 жылдай өтсе де, оның тұрғын­дары өздерін испандықтар демейді, тіпті мәдениетін де басқа санайды. Әрине, Испанияның мұндай дамы­ған бай өлкеден айрылғысы жоқ.

Енді парламенттік сайлауға кел­сек, онда бөлінуді қолдайтын­дар басым, бірақ қарсылар да бар. Содан да референдум жөнінде парламент бірауызды бола алмасы анық. Негізгі сепаратистік «Конвергенция және Каталония одағы» партиясы 135 орындық парламенттен 50 орын алып отыр. Бұрын 62 орны бар еді. «Каталонияның солшыл республикашылары» бұрынғы 10 орнын 21-ге жеткізді. Социа­лис­тік партия (20 орын) мен Халық партиясы (19 орын) бөлінуге қар­сы. Қалған ұсақтау партиялар басшылары бөлінуді жақтайды.

Каталония аймағы үкіметінің басшысы Артуро Мас – басты сепаратист. Саяси егемендік болма­ған күнде, аймақтық экономикалық егемендігін талап етеді. Салықтың қаншасын орталыққа беруді өзіміз шешуіміз керек дейді. Ал Орталық үкіметтің басшысы Мариано Рахой оларға экономикалық еркіндік беруден бас тартып отыр. Өйткені, бұл ұлттық мүддеге де, консти­ту­цияға да қайшы.

Каталония мәселесіне жұрттың назар аударуы – мұндай жағдай көп елде бар. Еуропаның өзінде Шотландия – Ұлыбританиядан, Грен­ландия – Даниядан, Фландрия – Бельгиядан, Баск елі осы Испаниядан, басқалар да өз мем­лекет­терінен бөлінгісі келеді. Каталония бөлінсе, басқалар да өре түреге­летіні анық. Бірақ бұл көптеген елдің жағдайын әлсіретеді. Содан да Еуроодақ бұған қарсы.

Ақиқаттық себептерге қара­ған­да, Каталонияның бөлініп шығуы күмәнділеу. Келісімге келіп, Орта­лық үкімет бұл аймақтың ерекше­лігін ескеріп, оған белгілі дәрежеде кеңейтілген автономиялық құқық беріп жатса, оның қисыны бар.

Мамадияр ЖАҚЫП,

«Егемен Қазақстан».