Медицина • 01 Наурыз, 2019

Халықтың әл-ауқатын көтерудің жаңа кезеңі

5260 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Еліміздегі әлеуметтік даму, сонымен бірге қоғамның әл-ауқатын арттыру мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті. Бұл ретте Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен былтыр қазан айындағы Жолдауының халықтың әл-ауқатының өсуіне арналғанын және осы аптада өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде қабылданған алдағы 10 жылға арналған партия тұғырнамасының да әлеуметтік қоғам құруға бағытталғанын айтуға болады. 

Халықтың әл-ауқатын көтерудің жаңа кезеңі

Елбасы, «Нұр Отан» пар­тия­сының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назар­баев съезде жүк­те­ген міндет­тер қоғам тарапы­нан жылы қа­былданып, жі­ті талқыла­нуда. Әсіресе көп ­ба­лалы ана­ларға, толық емес отба­сы­ларға және мүгедек бала­лар­­дың ата-аналары мен қамқор­шы­ларына әлеуметтік тұрғы­дан қолдау шараларын кеңей­ту ел тұрғындарына тұр­мыс деңгейін түзеу тұрғысынан сенім ұялатқаны рас. Бұл ретте биыл елімізде 20 жылдық беле­сіне шыққан бас партия табы­сы төмен, яғни халықтың аз қам­тылған бөлігін қолдауға ерекше мән беріп отыр. 

Мәселен, аз қамтылған көп ­балалы отбасындағы әр бала­ға төленетін төлемақы 20 789 теңгені құрайтын болды. Мем­лекет басшысының айтуынша, елімізде 340 мың көп балалы отбасы бар. Бұл отбасылар төрт және одан көп баланы тәрбие­леп отыр. Осы орайда атаулы әлеуметтік көмектің әуелі табысы төмен отбасыларға арналғанын атап өткен ләзім. Яғни, мұны елімізде осы санатқа енетін 111 мыңнан астам отбасына арналған қолдау деп білу керек. Бұл 571 мыңнан астам адамды қамтиды.

Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева партия съезінің жаңа әлеуметтік доктрина ұсынғанын айта келе, атаулы әлеуметтік төлем тәртібін төмендегідей түсіндірді. «Қазір жан басына шаққандағы табысы бекітілген кедейшілік шегі – 14,8 мың теңгеден немесе күнкөріс минимумының 50 пайызынан төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес, кедей­­ші­­лік шегі күнкөріс ми­ни­мумының 70 пайызына дейін көтерілді және 21 мың теңгеге жуық. Егер көп балалы отбасы­да 4 бала болса, онда жәр­дем­ақының жалпы сомасы 83 мың теңге болады. Ал егер анасы үйде отырса, онда оның атаулы әлеуметтік көме­гі қосылады. Мұндай отба­сы­ның жалпы табысы шамамен 103 мың теңге болады», деді А.Балаева. Сонымен қатар ол аз қамтыл­ған отбасыларға арналған арнайы 40 мың жалдамалы пәтер құры­лы­сы бас­тамасы аталған санат­тағы азаматтарды қуантатынын, олар­ға «Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі» жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заем­дарын берудің жеңілдетілген теті­гі әзірленетінін жеткізді. «Бұл аз қам­тылған отбасыларды бас­панамен қамтамасыз ету проблемасын шешуде ма­ңыз­ды қадам деп санаймын. Бұл жұмысқа жалдамалы баспана салу, заманауи жер­гі­лікті жолдар желісін дамыту, газ тарту, ауыз суға қол­же­тім­ділік сынды өмір сапа­сы­ның жаңа стандарттарын ен­гізе отырып, барлық өңір жұ­мы­латын болады», деді Пре­зи­дент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Аталған салаға тікелей жа­уапты Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Бер­дібек Сапарбаев та Үкі­мет отырысында бұл мәселені нақтылай түсті. Министр­дің айтуынша, мәселен, төрт баласы бар жалғызбасты отба­сы 63 мың теңге атаулы әлеу­мет­тік көмекті алып келген болса, шілде айынан бастап бұл сома 40 мың теңгеге көбейеді. Бұл 103 945 теңгеге тең. Ал қосымша төлем­дерді есептеген кезде, бұл отбасының бір айлық жалпы табысы 114 мың 448 теңгені құ­рай­ды», деді ве­домствоның жаңа басшысы.

Ескеретін жайт, шілде айынан бастап отбасының жиын­тық табысын есептеген кезде, көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлеріне, мүгедек балаларға төленетін жәрдемақылар мен шәкіртақы есепке алынбайды. Сала басшысының айтуын­ша, бұған қоса, тұрмы­сы төмен отбасының бала­ларына берілетін жәрдема­­қы мөлшері де өзгереді. Егер 1 шіл­деге дейін бұл 4 834 тең­ге болса, 1 шілдеден бас­тап әр балаға 20 789 теңге төле­­неді. «Бұл жәрдемақы 18 жас­қа дейін, егер балалар жоға­ры оқу орындарында оқи­тын болса, 23 жасқа дейін төлен­­бек. Министр әлеуметтік көмек­ті тағайындаған кезде, ха­лықты бекер сандалтпас үшін сұралатын құжаттар са­ны азаятынын жеткізді. Бұл жұмыс электронды түрде жү­зеге асады. Сонымен бірге өңір­­лердегі отбасылардың қа­­жет­­тілігін, тұрмысын анық­тау үшін әлеуметтік карталар жасалады. Осылайша әр отба­сына талдау жасалып, ең мұқ­таж­дарына мемлекеттен көмек көрсетіледі.

Мемлекет басшысы жүк­теген міндеттердің ішінде мү­­ге­­дек баланы қарап отыр­ған ата-аналар мен қам­қор­шыларға арналған жәрдем­ақы­ның 30 пайызға артатынын атап өтуге болады. Бұл 100 мыңнан астам адамды қам­тиды. Оны жүзеге асыруға 2019-2021 жылдары қосымша 300 млрд теңге бөлінеді. Бұл да көңілі жарымжан ата-аналарға айтарлықтай демеу. Осы орайда І топтағы мүгедек бала­ның анасы Бақыт Ақажанова партия бағ­­дар­л­а­масы аясында кедергі­сіз орта құрудың өте маңыз­ды еке­нін жеткізді. Мәселен, бү­гін­де ол баласына автоном­ды арба алуды армандайды. «Бұл қозғалуға қабілеті тө­мен баламның үйде, аулада жү­руіне үлкен қолғабыс бо­лар еді. Өйткені дүкенге, ба­зар­ға барғанда баланы жалғыз қалдыруға тура келеді. Содан үйге оралғанша жанымыз мұр­ны­мыздың ұшында болады. Соны­мен бірге қалада пандустар салу, шипажайда оңалту мәсе­лесі әлі шешімін таппай тұр» дейді Б.Ақажанова.

Қазақстандағы қазіргі ең маңызды мәселе – 25 жыл­дан астам уақыттағы эко­но­ми­ка­лық жетістіктерді әлеу­меттік сапалы деңгейге көтеру болмақ, – дейді әлеумет­танушы Ерлан Саиров. – Сондықтан соңғы үш жыл ішінде лексиконымызда «адам капиталының даму индексі» деген сөз пайда болды. Бұл – дұрыс. Өйткені қоғамды, мемлекетті, экономиканы жасайтын адамдар. Адамдардың әлеуеті, индексі жоғары болған сайын экономика да, әлеуметтік үдерістер де сапалы болады. Сол себеп­ті партия съезінде еліміздің әлеу­меттік үдерістерін дамыту, аймақтардың инфра­құ­ры­­лы­мын жаңарту мәселесі қа­ралды. Өңірлердегі ин­фра­­құ­рылым­ды жаңарту өте ма­ңызды. Өйт­кені Қазақ­стан­да халықаралық және рес­публикалық жол магистральдары салынып жатыр. Ал аудан­аралық, ауыларалық жол­­дардың сапасы төмен. Са­па­л­ы жол өңірлердегі х­алық­­тың даму индексін көте­руге сеп­тігін тигізеді. Өйт­­кені ин­фра­құры­лымға с­алын­ған 1 теңге мем­лекеттік бюд­жет­ке 10 тең­ге болып қай­та­ды. Бұл – заңды­лық. Әлеу­меттанушының айтуын­ша, жаңарған жолдар­дың бо­йын­да әртүрлі бизнес субъек­тілері пайда бола­­ды, орта және шағын кәсіп­­кер­лік дамиды, байланыс жыл­­дам­дығы артады. Яғни, өңір­лер мен қалалар арасын­дағы қа­рым-қатынасты теңес­тіру жа­ғы­нан өте тиімді болмақ. 

Сарапшылар ел халқы­ның 42 пайыздан астамы, оның ішінде көп балалы отбасы­лар­дың басым бөлігі ауылда тұратынын, сондықтан пар­тияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасында ауылға ба­сымдық берілгенін айтады. Ал бұл ауыл тұрғындарының әлеумет­тік жағдайын көтеруге айтар­лықтай септеседі.

Осы орайда қоғамдағы кей­бір пікірталастар бұл әлеу­мет­тік қолдаудың көп балалы ана­лар­ға қолдау ретін­де көрсетілуі түрлі түсініс­пеушілікке алып келетінін, дұрысы мұны тұрмыс дең­гейі төмен, аз қамтылған от­ба­сыларға арналған көмек ре­тін­де нақтылап түсіндірудің қа­жет­тігін жеткізеді. Себебі от­басында төрт және одан көп баланы тәрбие­леп отырса да көп жағдайда үй егесі ғана табыс табады. Бұл табыс­тың бәрі бірдей емес. Еңбекақы жан басына шаққанда күн­­көріс минимумынан жоғары бол­­ға­ны­мен күнделікті азық-түлік себеті, дәрі-дәрмек пен басқа да түрлі тұрмыстық шығындар мен тұтынушылық қажеттіліктер көп балалы отбасылардың әл-ауқатын жақсартуда аяқ-қолын шырмап отырғаны жа­сырын емес. Бұл – табыс та­ба­тын отағасы жоқ толық емес от­­бас­ы­ларға да, үнемі жа­нын­да болуды қажет ететін мүге­­дек балалар­дың ата-ана­сы­на да көп жағдай­да ортақ б­олып келетін күрмеуі қиын мәселе.

Думан АНАШ,

«Egemen Qazaqstan»