11 айда 119 журналист…
Сенбі, 24 қараша 2012 7:11
Бұрынғы атауын қалпына келтірмек
Мексика президенті Фелипе Кальдерон елдің ресми атауындағы «құрамаштаттары» сөздерін алып тастауды ұсынды. «Ассошейтед пресс»агенттігінің хабарлауынша, 22 қарашада президент осындай заң жобасынпарламентке жолдаған.
Сенбі, 24 қараша 2012 7:11
Бұрынғы атауын қалпына келтірмек
Мексика президенті Фелипе Кальдерон елдің ресми атауындағы «құрамаштаттары» сөздерін алып тастауды ұсынды. «Ассошейтед пресс»агенттігінің хабарлауынша, 22 қарашада президент осындай заң жобасынпарламентке жолдаған.
«Мексикалықтардың өз отанының жарасымды және қарапайым «Мексика» деген атауын қайтаратын уақыт келді, – деп мәлімдеген президент. – Елдің қазіргі атауы ХІХ ғасырда пайда болды». Мемлекет Испаниядан тәуелсіздік алғаннан кейін, яғни 1824 жылдан «Мексика құрама штаттары» деп атала бастаған. Бұл атау негізінен ресми құжаттарда, сондай-ақ ақша банкноттарында қолданылады екен. Ф.Кальдерон елдің қазіргі атауы күнделікті өмірде қолданылмайтынын да атап өткен.
11 айда 119 журналист…
Халықаралық баспасөз институты өз баяндамасында биылғы жылдыңбасынан бергі уақыт ішінде қаза тапқан журналистердің санын атады.
Баяндамада келтірілген мәліметке қарағанда, 2012 жылы өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде 119 журналист қаза тапқан. Бұл өткен жылғыдан біршама көп. Институт журналистер үшін ең қауіпті ел ретінде Сирияны атапты. Биылғы жылы осы мемлекет аумағында БАҚ-тардың 36 тілшісі мен басқа да өкілдері мерт болған. Олардың көпшілігін жауласушы тараптар шынайы ақпараттардың таралып кетпеуіне байланысты қасақана өлтірген. Екінші қауіпті ел ретінде Сомали аталған, онда жыл басынан бері 16 репортер қаза тауыпты. Журналистер үшін ең қауіпті аймақтар болып Таяу Шығыс пен Африка, ал елдер арасында Сирия және Сомалимен қатар, Мексика, Пәкстан, Филиппин танылған.
Жай сөз емес сияқты
Грузияның жаңа премьер-министрі Бидзина Иванишвили баспасөз мәс-
лихаты барысында президент Михаил Саакашвилиге қатысты қойылғансұраққа байланысты жауабында қазіргі президентті тұтқындау мүмкіндігіжөнінде айтқан.
Грузия БАҚ-тарының хабарлауынша: «Менің жеке өзім Саакашвилиді тұтқындауды қаламаймын, – депті премьер-министр. – Бірақ, егер прокуратура мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасына қарсы нақты іс ұсынатын болса, ондай істі жаба алмаймын». Үкімет басшысы осыған байланысты Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың тағдырын еске түсірген. Дегенмен, ол Грузиядағы жағдайдың украиндық сценарийден бөлек екендігін мәлімдепті.
Мерзімінен бұрын босатты
Қытай мүддесіне тыңшылық жасағаны үшін 14 жылға сотталған ресейлікфизик Валентин Данилов Новосібір қаласында тұратын болды.ИТАР-ТААС агенттігінің хабарлауынша, 13 қарашада сот оның мерзіміненбұрын шартты түрде босату жөнінде берген арызын қанағаттандырған.
Кеше белгілі болғанындай, В.Данилов бүгін бостандыққа шығады. Оның зайыбы Новосібірде тұрады екен. Ол отанына қастандық жасады деген айыппен 2001 жылы тұтқындалған. Алқабилердің қатысуымен өткен сотта ақталғанмен, екінші мәрте болған сотта оны 14 жылға бас бостандығынан айырды. Ресейлік құқық қорғаушылар Даниловты саяси тұтқын ретінде санап, кезінде оған рақымшылық жасауды талап еткен еді.
Жүзге жуық көлік соқтығысты
АҚШ-тың Техас штатындағы күре жолда 100-ге жуық автокөлік соқтығысыпқалды. Апат салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті, қаза болғандар да бар. Кейбір ақпараттар бойынша, соқтығысуға қалың тұман себеп болған көрінеді.
Апат жергілікті уақыт сағат сегіздер шамасында Бомонт қаласының маңындағы штатаралық автомагистралда орын алыпты. Автокөліктердің екеуіне қауіпті жүк тиелген екен. Зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы ауыр. Көліктерден адамдарды шығаруға құтқарушылар арнайы техникаларды пайдаланған.
Қарсылық акциясына шақырды
Египеттің оппозициясы президент Мохаммед Мурсиді мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыптап, ел тұрғындарын жаппай қарсылық акциясына шақырды. Бұл жөнінде «Франс-пресс» агенттігі хабарлады.
Бейсенбі күні елдің конституциялық декларациясына өзгерістер енгізілген болатын. Онда президентке «төңкерісті қорғау» үшін бірқатар өкілеттіктер берілген, сондай-ақ президенттің қол қойған кез келген заңдары мен жарлықтары қайта қарауға жатпайтыны туралы ереже де енгізілген. Сонымен қатар, бас прокурорды президент жарлығымен төрт жыл мерзімге тағайындау тәртібі де енгізілді. Осы және тағы басқа да мәселелер оппозицияны қанағаттандырмайды.
Қысқа қайырып айтқанда:
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Ирландия азаматы, құқыққорғаушы Конор Парасадтың қызметіне күдік келтірді. Оныңавтомәшинесінен ұлтаралық жанжалды қоздыратын, адамдарды жаппайтәртіпсіздік жасауға шақыратын материалдар табылған.
Түркиялық «Otokar» компаниясы алдағы уақытта жасалатын Altay танкісінің кейбір құпияларын жария етті. Оның салмағы – 60 тонна, двигателінің қуаты – 1,5 мың ат күшіне тең. Танк 2015 жылы сынақтан өткізіледі.
ЛДПР фракциясының депутаттары Мемлекеттік думаға қызметкерлердіңеңбекақысын апта сайын төлеу туралы заң жобасын ұсынды.
Германияда таралымы 100 мың данадан асатын Financial Times Deutschland газеті жабылатын болды. Соның салдарынан басылымның 320 қызметкері жұмыстан босатылады.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.