Жансель 73 келі салмақта сынға түсіп, жарыстың жартылай финалында сүрінді.
«Ақпан айында біз екі ірі рейтингілік турнирге қатыстық. Мұндай бәсекелерге әлемнің әр түкпірінен спортшылар жиналады. Өйткені, бәрінің мақсаты біреу – рейтингтегі орнын жақсарту.
Олимпиадалық рейтингте жоғары ұпай жинап, үздік алтылыққа ену менің де ең басты міндетім. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Жолдамаға ілігу үшін күш-жігерімді аяп қалмаймын. Ірі жарыстардан олжалаған әрбір жүлдем маған сенімділік сыйласа, жеңілістің де өз сабағы бар», - деді Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы.
Жансель Дениз Түркия және Египетте өткен рейтингілік турнирлерден жүлдесіз оралған жоқ.
Сондай-ақ, ұлттық құрамадағы үздіктердің бірі саналатын Смайыл Дүйсебай (87 келі) Ирандағы бәсекесінің күмісін иеленсе, Самат Темірхан (54 келі) қола жүлдегер атанды.