Ағымдағы жылдың басынан (2019ж. ақпан 2018ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкіністерге – 28,1%, ұнға – 4,1%, күрішке – 3,1%-ға, мұздатылған балыққа, жаңа жиналған жемістерге – 2,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 2,3%-ға, жұмыртқаға, нанға, құс етіне – 2%-дан, макарон өнімдеріне – 1,7%-ға, сары майға, шұжық өнімдеріне – 1,6%, жылқы етіне, ет өнімдеріне, жаңа сауылған сүтке – 1,5%,қой етіне, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 1,4%-дан, шошқа етіне – 1,1%, кондитерлік өнімдерге 0,9%-ға белгіленді. Темекі өнімдері – 4,4%, салқындатылған сусындар – 2,2%, алкогольді ішімдіктер 2%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге – 2,7%, қарақұмық жармасына – 1,3%, сүзбеге 0,8%-ға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 1,9%, тоқыма бұйымдарына – 1,4%-ды, жеке қолданатын тауарларға, автомобильдерге – 1,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім және аяқ киімге – 1,1%-дан, тұрмыстық аспаптарға 1%-ды құрады. Бензин – 2,6%, тас көмір – 1,8%, дизель отыны 0,8%-ға арзандады.
Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1,1%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 0,8%-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы – 5,4%, әуе көлігімен 5,3%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, суық суға – 7,5%, кәрізге – 6,9%, ыстық суға – 6,6%, электр энергиясына – 4,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,1%, қоқыс шығаруға 3,4%-ға төмендеді.