Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

Алматыда CFO саммиті өтіп жатыр

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 наурызда Rixos Almaty-да CFO Idea Exchange & Networking Event 2019 топ-менеджерлері мен басқарушыларының жыл сайынғы саммиті басталды.

Алматыда CFO саммиті өтіп жатыр

Саммит – Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талдау және шешу үшін пікір алмасуға арналған диалог алаңы. Панельдік пікірталаста жыл сайын белгілі саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткерлері, халықаралық қаржы ұйымдарының және бизнес-элит өкілдері сөз сөйледі.

Саммиттің пленарлы сессиясында сөз алған  Vlsor Capital компаниясы басқарушы директоры Алмас Чукин Қытай Халық Республикасы экономикалық өсімін пайдалану Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік екенін тілге тиек етіп өтті. Оған көршімізбен арадағы инфрақұрылымдық жобалардың өзі қолайлы жағдайды қалыптастырып отыр екен. «Экономикалық ықпалдастықтың біз үшін тиімді тұстары жетерлік. Жол салдық. Енді екі елді байланыстыратын теміржол керек. Бұл жобаны да қаржыландыруға Қытай жағы дайын отыр», - дейді Алмас Чукин.

Алмас Чукин Қытаймен соңғы 5 жылдағы алыс-берісте біз үшін ең тиімдісі   

«Belt and Road Initiative» жобасы екенін айтып өтті. Бұл жоба бойынша 10 мың тауар таситын пойыз 48 қаласын, Еуропаның 42 қаласын, әлемдік деңгейдегі   әлемнің 200 мемлекетінде орналасқан 600 портты қаланы  бір-бірімен жалғастырып жатыр. Мұндағы жылдық қаржы айналымы 29 млрд АҚШ доллары», - деп атап өтті Алмас Чукин мырза.

Қытай елі тек соңғы жылдары ғана жер шарының әр нүктесінде орналасқан 400 портты сатып алған.

«2008-2018 жылдар арасында Қазақстан мен ҚХР арасындағы сыртқы  инвестиция 18,51 АҚШ долларына жетті. Бұл, негізінен энергсектор, металл, транспорт және қаржы саласына бағытталды» , - деп атап өтті Алмас Чукин.

CFO саммиті алғаш рет 2014 жылы өткізілген. Қаржы мәселелерін, Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесін дамыту перспективаларын талқылау үшін жетекші платформа құрылды.

Айта кетейік, саммит қаржы нарығының басқарушылары мен топ-менеджерлері үшін ұйымдастырылады. 5 елден 30-дан астам спикерлер келді. Күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар – қаржы жүйесінің даму перспективалары, соңғы өзгерістер, трендтер мен инновациялар, FinTech, сондай-ақ әлемдік экономиканың маңызды мәселелері.

Гүлбаршын САБАЕВА,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ