Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

Павлодарда облыс активінің отырысы өтті

422 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партияның XVIII съезі қорытындылары бойынша өткен облыс активінде облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов баяндама жасады.

Павлодарда облыс активінің отырысы өтті

Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы елдің экономикалық өсімін халықтың әл-ауқатының арттыруға нақты  тапсырмалар  жүктеді.

- Бүгін ауқымды әлеуметтік инвестициялар заманы, - дейді Болат Бақауов. – Осы мақсатқа Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл сома әлеуметтік бастамалардың үш үлкен тобын жүзеге асыруға бағытталмақ.

Болат Бақауов өз сөзінде, алдағы  1 шілдеден бастап жергілікті бюджеттік салада қызмет етіп  жүргені 52 мың қызметкердің жалақысы 30 пайызға дейін көбейеді. Бұл мақсатқа биыл 6 млрд теңге, ал келесі жылы 12 млрд теңге бөлінбек.

Сонымен бірге, 2,5 мың төменгі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің де жалақысы орта есеппен 25 пайызға артады.

- Мемлекет басшысы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлуде, - деді Болат Бақауов. – Облыс бойынша 348 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. Алдағы уақытта аталған көмек берудің көлемі ғана емес, оларды тағайындаудың жолдары  оңтайландырылмақ.

Бұл үшін  облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өңірлік саясат жүзеге асырылады. Ол үшін «Нұр Отан» партиясының жергілікті  қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындармен тығыз екі жақты байланыс орнатады. 

Өңірлік партия ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычконың айтуынша, жыл басталғалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 400-ден астам тұрғын өтініш білдірген.

Н. Дычконың айутынша, күн сайын партияның жергілікті филиалдарына көптеген тұрғындар көмекке жүгінеді.

Сонымен қатар, партия тұрғындардың мәселелерін шешуге бағытталған «Халыққа көмек» арнайы жобасын іске қосады.

Елбасы ұсынған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру аясында тұрғындарды баспанамен қамту және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту ары қарай жалғасады

Фарида БЫҚАЙ,

 «Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суреті түсірген: Валерий Бугаев