Қазақстан • 01 Наурыз, 2019

Ресейлік неонатологтар астаналық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкт-Петербургтің жетекші мамандары жаңа әдістемелермен бөлісіп, ата-аналарға консультациялық көмек көрсетті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Ресейлік неонатологтар астаналық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, бүгін Астанада акушерлік блок (№1 перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимараты) негізінде елордалық неонатолог мамандарға Санкт-Петербург педиатрия медуниверситетінің жетекші шеберлері мастер-класс өткізді.

Шеберлік сыныбын Санкт-Петербург педиатрия медуниверситетінің неонатология және неонаталдық реаниматология кафедрасының меңгерушісі Лариса Федорова, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің неонатолог дәрігері Наталья Козлова және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің балалар неврологы Елена Филонова өткізді.

«Ресейлік мамандар неонатологиядағы жаңа әдістер туралы айтып, өз білімдері мен тәжірибелерін іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, мамандардан кеңес алу мақсатында ата-аналар шақырылды. Дәл осы жерде шала туған балаларға бірегей диагностикалық көмек көрсете алады», – деп хабарлады ведомстводан.

Белгілі болғандай, Астанада шала туған балалар ұзақ уақыттан бері тек қарапайым балалар емханалары дәрігерлерінің бақылауында болып келген. Бірақ бұл балалар перзентханадан шыққаннан кейін бақылау мен оңалтудың жеке жоспарын әзірлеуді талап етеді.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында №2 қалалық көпбейінді аурухана базасында бір жасқа дейінгі балаларға арналған катамнездің тегін бөлімшесі ашылған болатын. Осы кезге дейін мұнда 30-ға жуық ата-ана жүгінген.