Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

Ақтөбеліктер Алғыс айту күнін тойлады

663 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

1 наурыз күні Қазақстанда Алғыс айту күнін тойлайды. Осы күнге орай Ақтөбе облысының барлық елді мекендерінде  кең ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 3 мыңнан аса ақтөбелікке  жалпы сомасы 27,2 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеліктер Алғыс айту күнін тойлады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысқан басты ресми салтанатты шара Ақтөбедегі «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішінің алдындағы алаңда өтті. Мұнда ұлттық тағамдардың жәрмеңке-көрмесі мен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған облыстың барлық аудандары қатысты.

Салтанатты шараны «Қазақ еліне мың алғыс» театрландырылған көрмесі ашты. Облыстағы барлық 18 этномәдени бірлестіктің өкілдері би және музыкалық нөмірлерімен сахнаға шықты. Олардың әрқайсысы алғыстарын айтып, әр түрлі тілде өз Отаны – Қазақстанды мадақтады.

«Алғыс айту күні – бұл барлық ұлыс өкілдерінің бір-бірін және барлығы бірігіп қазақ халқына толыққанды мемлекетте, халықаралық келісім мен бейбітшілік орнаған елде өмір сүріп жатқандары үшін алғыстарын білдіретін күн. Бұл ризашылық біздің әрдайым жүрегімізде, бірақ біз бүгін оны жұмыла, әсіресе Қазақстанға қоныс аударған халықтардың өкілдері болып білдіре аламыз»,- деді Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтөбе филиалы төрағасы Константин Цхай.

«Тәуелсіздік жылдары, тарихи Отанға оралу мүмкіндігі туған кезде ақтөбелік болгарлардың ешқайсысы кетпеді, өйткені осы күнге дейін алғашқы қоныс аударушылардың ұрпақтары тұрып жатқан кішкене ауылдары – Болгарканы өздерінің кіші Отандары деп санайды. Осы бір мереке күні халқымның атынан бізге Отан болған Ұлы далаға үлкен алғысымды білдіремін»,- деді облыстық «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің басшысы Анастасия Подольянова.

Ақтөбеліктерді құттықтаған өңір басшысы Алғыс айту күні біздің ортақ тарихымызға деген құрмет, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген мейірімділігі, достығы пен махаббаты мерекесі екенін атап өтті.

«Отандастарымыздың ықыласының арқасында осы бір мереке күндері мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Біздің барлық қалталы азаматтарымызға, кәсіпорын басшылары мен жалпы жұршылыққа игі істерді жүзеге асыруға белсенді түрде қатысқандары үшін  алғыс білдіргім келеді. Біздер осындай жобаларды бірлесе жүзеге асыра отыра өзіміздің ауызбіршілігі мен тағдырына бей-жай қарамайтынымызды көрсетеміз»,- деді О.Оразалин.

Ол өз сөзінде  әлеуметтік бағдарланған мемлекет пен қоғамның дамуы – Елбасының басты басымдықтарының бірі екенін еске салды.

««Нұр Отан» партиясының жуырдағы съезінде ел Президенті қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Президенттің барлық бастамалары мен тапсырмалары әрбір қазақстандықтың күткені мен үмітіне жауап береді, алдымыздан еліміздің әрі қарай дамуының жаңа перспективаларын, әрбір азаматтың болашағын ашады. Сондықтан, біздер, ақтөбеліктер, Президент қойған тапсырмалар кешенін орындау үшін барлық шеберлігіміз бен күшімізді салуымыз керек. Елдегі бейбітшілік, қоғамдық келісім мен ұлт бірлігін нығайту көбіне біздің жұмысымыздың сапасына байланысты»,- деп атап өтті облыс әкімі.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал тобын қолдау аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен кәсіпкерлер елу мұқтаж отбасыға барып, азық-түлік табыс етті.

Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бастап мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында айтқан бастамасымен атап өтіліп келеді.