Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

Қостанайда шаңғы базасы салынады

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Шаңғы – денсаулық-2019» фестивалінің ашылу салтанатында айтты. 

Қостанайда шаңғы базасы салынады

Қостанай облысында шаңғы спорты жақсы дамыған. Жалпы, өңірде 41 шаңғы базасы жұмыс істейді. Биылғы фестиваль өтіп жатқан орында жыл аяғына дейін жаңа шаңғы базасы салынады, ол үшін қаржы да қарастырылған.

«Жыл аяғына қарай шаңғы базасының құрылысы басталады, ол үшін облыс әкімдігі шешім қабылдады. Қазір жоба мемлекеттік сараптаудан өтіп жатыр. Келер жылы ұйымдастырылатын шаңғы фестивалі қолайлы заманауи шаңғы жолдарында өтеді деген үмітіміз бар, ол үшін қаржы бөлінді. Жаңа жабдықтар мен қолайлы жағдайдың жасалуы біздің өңірде шаңғы спортының кең қанат жаюына ықпал етеді» деді Марат Қонысбайұлы.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ