Аймақтар • 03 Наурыз, 2019

Жол полициясының ғасырлық автокөлігі мұражайда сақтаулы

900 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Солтүстікқазақстандық жол полициясының мұражайы өз жұмысын қайта жандандырды.

Жол полициясының ғасырлық автокөлігі мұражайда сақтаулы

   Экскурсияны келушілерге бұдан былай ардагерлердің өздері жүргізетін болады. Мұражай меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша,  жаңартылған мұражайда жол полициясының тарихы, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу залы мен осы қызметтің Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары құрылуынан сыр шертетін залдарда  бір мыңға тарта жәдігер орналасқан. Сирек кездесетін фотосуреттерді, құжаттарды, құрылғыларды, тіпті өткен ғасырдың басында МАИ қызметкерлерінің қолданысында болған танымал көліктердің бірі - «Москвичті» де көруге болады. Мұнда 2011 жылдың күзінде Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді құрықтауда өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың былғары курткасы мен фуражкасы қойылған.

  «Арнайы бөлімде облысымызда алғашқы автобустардың, бағдаршамдардың пайда болу тарихы көрсетілген. Қызықты экспозициялар қойылған мұндай мұражайлар елімізде саусақпен санарлық», дейді ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Евгений Райтенбах.

    Бұдан былай мұражайда патрульдік және әкімшілік қызметке келген офицерлер мен сержанттар үшін айына бір рет экскурсия өткізіліп тұрады. Оның есігі аудандар мен қала мектептерінің оқушылары және студенттер үшін де әрдайым ашық.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.