Аймақтар • 03 Наурыз, 2019

Ақтауда рұқсатсыз орнатылған жарнамалық билбордтар алынып тасталды

906 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында орнатылған жарнамалық конструкцияларға мониторинг жүргізілдi, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Ақтауда рұқсатсыз орнатылған жарнамалық билбордтар алынып тасталды

Әкімдіктің мәліметінше, тексеру барысында заңсыз орнатылған және иесіз тұрған билбордтар анықталды. «Ақтау қалалық сəулет жəне қала құрылысы бɵлiмiнiң рұқсатынсыз жарнамалық билбордтар орнатып, мемлекетке салық төлемеген бірқатар конструкциялар алынып тасталды», - делінген хабарламада.

Мамандар кәсіпкерлерге жарнама орнатар алдында қала әкімдігінде рұқсат қағазын рәсімдеу керектiгiн жəне жарнама жасағаны үшiн тɵленетiн салықты мемлекет қазынасына уақтылы төлеу керектігі түсіндірілді.