Халықаралық турнир бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2017 жылдан бері аталмыш жарыс халықаралық деңгейге көтерілді. Оған қатысушылар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Турнирдің ашылу салтанатына дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Мақсат Шотаев келді. Ол жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президентіне «Ең үздік жергілікті федерация» алғыс хатын табыстады.
Спорт сайысы биыл 12-ші мәрте жалауын көтерді. Биыл оған Ауғанстан, Әзербайжан, Болгария, Босния және Герцеговина, Моңғолия, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Қазақстанның әр өңірінен 200-ден аса тоғызқұмалақшы келді. Жарыс классика бойынша 9 турда жас ерекшелігіне сәйкес төрт топта өткізіледі. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.