19 Қаңтар, 2012

Әлем назарында – болашақ энергиясы

666 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әлем назарында – болашақ энергиясы

Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:40

World Future Energy Summit (WFES) дү­ниежүзілік саммиті 2012 жылдың 16-19 қаңтары аралығында БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында халықаралық энергетика апталығы шеңберінде өтуде. Саммиттің ұйымдастырушылары оны болашақтың тұғырнамасы деп атайды, себебі осында болашақ электр энергиясын өндіру мен тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.

Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:40

World Future Energy Summit (WFES) дү­ниежүзілік саммиті 2012 жылдың 16-19 қаңтары аралығында БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында халықаралық энергетика апталығы шеңберінде өтуде. Саммиттің ұйымдастырушылары оны болашақтың тұғырнамасы деп атайды, себебі осында болашақ электр энергиясын өндіру мен тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.

100-ден астам елдің жетекші басшылары, саясаткерлері, сарапшылары, ғалы­м­да­ры мен инвесторлары жаңартылатын энергия көздері рыногының жағдайын талдау және бағалау, жаңартылатын энергия көзде­­­рі мен экологиялық таза технологияларды пайдалану және оларға инвестиция салу, климаттың жаһандық өзгеруімен байланыс­ты маңызды энергетикалық мәселелердің шешімдерін талқылау үшін бас қосты.
2011 жылдың қазан айында Қазақстан Женева қаласында өткен Еуропа энерге­­­ти­калық форумына (European Future Energy Forum) қатысты. Форум шеңберінде қазақ­­­­стандық делегация Масдардың атқарушы директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабер мырзамен (Dr Sultan Ahmed Al Jaber) кездесу барысында Абу-Дабидегі қазақстандықтар Болашақ энергиясы жөніндегі дүниежүзілік саммитке шақырылған болатын.
Еліміз үшін WFES – балама энергияны дамыту мәселелері жөніндегі ашық және нәтижелі диалог үшін маңызды кеңістік. «Болашақ энергиясы» – EXPO-2017-ні өт­кізу құқығына Астана үміткер болып табылатын көрменің тақырыбы. Қазақстандық делегация басшысы Айдар Қазыбаевтың айтуынша, «2011 жылдың маусым айында біздің ел Астанада EXPO-2017 халық­ара­лық маман­дан­дырылған көрмесін өткізуге ресми түрде өтінім берді. Энергетика және экология мәселелерінің айрықша маңызды­лығын ескере отырып, Қазақстан көрмені өткізу үшін әлем қауымдастығына энергияны үнемдеу және күн, жел энергиясы, теңіз, мұхит және жылы судың энергетикалық ресурстары сияқ­ты балама энергия көздерін енгізу мәселесін кеңінен тарқатуға мүмкін­дік беретін «Бола­шақ энергиясы» тақыры­бын ұсынды.»
Мол табиғи ресурстарға қарамастан, балама энергияны дамыту мемлекетіміздің ба­­сымдықтарына жатады. Қазақстанның жел­­дің, күннің жаңартылатын энергиясындағы әлеуеті өте зор. Қазіргі таңда үдемелі индус­­триялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жа­ңар­тылатын энергия көздерін дамытудың индикаторлары белгіленген, оларға сәйкес 2014 жылға 1 миллиард кВт. сағаттан астам электр энергиясы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілуге тиіс.
Қазақстандық делегацияның құрамында Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің Төрағасы Айдар Қазы­баев, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және кө­мір өнеркәсібі департаментінің директоры Жақып Бөкенбаев, Сыртқы істер министр­лігі Сыртқы экономикалық саясат депар­таменті директорының орынбасары Гауһар Бейсеева, «Парасат» холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Мыл­тықбаева бар.
Саммитке көптеген сарапшылар және делегаттармен қатар БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Қытай премьері Вэнь Цзябао, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Хелен Кларк, WWF International бас директоры Джим Лип қатысуда.
Masdar компаниясының атқарушы директоры Әл Джабер мәлімдегендей, «WFES саммиті бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр және жаңартылатын энергетиканы, энер­гия тиімділігін және су ресурстары мен қалдықтар секторларын дамытуға атсалы­суға бағытталған басты әлемдік жыл сай­ынғы іс-шара болып табылады. Болашақ энергетикасы мәселелері жөніндегі дүние­жүзілік саммит таза технологиялар мен жа­ңартылатын энергияны таратуды одан әрі жылжытуға ұмтылатын елдер арасында байланыс орнатуды жалғастыруда».
«Егемен-ақпарат».