Аймақтар • 04 Наурыз, 2019

Бүгін Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі

1087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі

Астанада қар аралас жаңбыр жауады, желдің екпіні 10 м/с дейні жетеді. Күндіз -1+1, түнде -1-3. 

Алматыда күндіз жаңбыр жауады, түнде бұлтты, 3-7 м/с жел тұрады. Күндіз +8+10, түнде -1+1.

Шымкентте де күндіз жаңбыр жауады, түнде бұлтты, 4-12 м/с жел тұрады. Күндіз +11+13, түнде +2+4.