25 Қаңтар, 2012

24 сағат

222 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

24 сағат

Сәрсенбі, 25 қаңтар 2012 7:54

Франция сенаты да осы ел парламентінің төменгі палатасы секілді армяндарға қарсы ге­ноцидті мойындаудан бас тарт­­қандарға қылмыстық жауап­­­кершілікті қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Ол бойынша кінәлі деп табылған адам 40 мың еуро айыппұл төлейді немесе 1 жылға сотталады. Фран­цияның қадамын Түр­кия француз тарапы жауап­сыздығының жарқын мысалы деп мәлімдеді.  

Сәрсенбі, 25 қаңтар 2012 7:54

Франция сенаты да осы ел парламентінің төменгі палатасы секілді армяндарға қарсы ге­ноцидті мойындаудан бас тарт­­қандарға қылмыстық жауап­­­кершілікті қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Ол бойынша кінәлі деп табылған адам 40 мың еуро айыппұл төлейді немесе 1 жылға сотталады. Фран­цияның қадамын Түр­кия француз тарапы жауап­сыздығының жарқын мысалы деп мәлімдеді.

Сирия басшылығы Араб мем­лекеттерінің лигасы (АМЛ) ұсын­ған қандайда бір бастамалардан бас тартатынын жария етті. Мұн­дай мәлімдемені Сирияның сырт­қы істер министрі Валид Муаллем жасады. Ол сондай-ақ АМЛ-ді Сирияның ішкі жанжалын ха­лықаралық деңгейге шығаруға әре­кеттеніп отыр деп сын тезіне алды.
Ұлыбританияның таза қа­рызы 1993 жылдан бері алғаш рет рекордтық көрсеткішке же­тіп, 1,19 триллион еуроны құ­рады. Бұл жалпы қарыз бен валюта резерві арасындағы айыр­машылық болып табылады. Аталған қаржы ел ішкі жалпы өнімінің 64,2 пайызы деген сөз.    
Израиль әскерилері кеше ер­тең­гісін Хамас қозғалысынан па­лестиналық депутат Абул Джаббар Фукаханы қамауға алды. Ол өзінің үйінде тұтқындалды. Соң­ғы 5 күн ішінде Фукаха Израиль тұтқын­даған төртінші палести­налық депутат болып отыр. Ал қазіргі кезде Израиль түрмелеріне аталған қозғалыстың 24 депутаты қамалған.
АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен өзбекстан­дық босқынды қамауға алды. Ко­лорадо штатында тұрып жат­қан 35 жастағы өзбек эмигранты Жамшид Мухторов халық­аралық О’Хара әуежайында тұтқындалған. Ол Пәкстанда орын тепкен лаңкестік топқа қосылмақ ниетінде болғанын жасырмаса керек.
Ресей Суданнан өз бітімгер­шілерін шығаратын болды. Осындай жарлыққа Ресей президенті Д.Медведев қол қойды. Жарлық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2011 жылдың 11 шілдесіндегі Судан­дағы бітімгершілік миссиясын аяқтау жөніндегі шешіміне орай шығарылды.
Қырғызстанда 400-ден ас­там тұтқын наразылық ретінде ауыздарын тігіп тастады. Осылайша олар өздерінің Бішкек­тегі СИЗО-1 қызметкерлерінің қатыгездігіне  наразылықта­рын білдірді. Аталған түзеу орнында жақында тәртіпсіздіктер қатаң басылған болатын.
АҚШ президенті Барак Оба­маға Атлантадағы сотқа келу мін­деттелді. Талаптың мазмұны мынадай: ол АҚШ аумағында тума­ғандықтан, президент бола алмайды. Аталған іс бойынша тыңдау 26 қаңтарға белгіленген. Істі әкім­шілік-құқық бұзушылық бойынша судья жүргізуі тиіс. Талапты Джор­д­жия тұрғыны берген көрінеді.
Ресей Либерал-демократия­лық партиясының серкесі Владимир Жириновский Мемле­кеттік думаға АҚШ-тың жаңа ел­шісінің оппозициямен кезде­суі­не барған үш депутат – И.По­но­марев пен О.Дмитриеваны және Л.Калашниковты жаза­лау­ды ұсы­н­ды. Бас либерал-демо­крат­тың пікірінше, кездесуге қатыс­қан депутаттар мандаттарын өздері тапсырулары тиіс немесе оларды Мемле­кеттік думада оты­ру құқынан айыру қажет.
Мәскеу метросында жаппай төбелес салдарынан 1 адам ауыр жа­рақат алса, 8-і қамалған. Төбе­леске 9 адам қатысса, 2-уі Қыр­ғызстан азаматы көрінеді. Екі қыр­ғыз да Мәскеуде өткен жыл­дың шілдесінен бері тіркеу құ­жатынсыз жүріпті. Төбелеске қа­тыс­қандардың барлығы қызу екен.
Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.