Қазақстан • 04 Наурыз, 2019

Аккредиттеу мен лицензияны қысқа мерзімде алуға болады

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі қысқартылатын болады, деп хабарлады Ішкі мемлекеттік аудит комитеті.

Аккредиттеу мен лицензияны қысқа мерзімде алуға болады

Атап айтқанда, кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру – 5-тен 4 жұмыс күніне дейін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру – 15-тен 4 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру – 20-дан 5 жұмыс күніне дейін, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру – 20 жұмыс күннен 5 жұмыс күнге дейін қысқарады.