Ел құрамасының сапында 76 кило салмақта күрескен Рио-2016 Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова қола медальға қол жеткізді. Ал 87 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір қарағандылық Хусейн Муцольгов та жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бұл екі балуан қола жүлде үшін 4 ұпайдан алып, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.
Жалпы, «Дан Колов және Никола Петров» турнирінде Қазақстан құрама командасы 9 жүлдеге ие болды: оның біреуі – алтын, екеуі – күміс, қалғаны – қола.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды