03 Ақпан, 2012

Бассыздықтың аяғы қашанда қасірет

256 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бассыздықтың аяғы қашанда қасірет

Жұма, 3 ақпан 2012 7:52

Мысырдағы Порт-Саид қаласында орын алған тәртіпсіздіктердің салдары өте ауыр болып отыр. Бұл бассыздық әрекеттерді тіпті қасіретке апарған қадам деуге де болатындай. 74 адамның қаза табуы, 1 мыңдай адамның жаралануы осылай деуге мәжбүрлейді.
Оқиға былай болған. Египеттің Порт-Саид қаласында жергілікті «Әл-Масри» және Каир­дің «Әл-Ахли» командаларының арасында ел чемпионатының кезекті турына орай кездесу өтіп жатады.  3:1 есебімен  жергілікті команда жеңу үстінде екен. Бір кезде олардың фанаттары алаңға жүгіріп шығып, каирлық клубтың ойыншыларына тарпа бас салады.

Бұған ел астанасы жанкүйерлерінің жергілікті команда мен фанаттарын қорлап, тіл тигізетін сөздер жазылған баннерлерді жайып салуы себеп болған сыңайлы. Ста­дион­ның қауіпсіздік қызметіне фанаттар бой бермей кеткен. Кейбір мәліметтер полиция­ның стадионнан әдейі шығарып жіберілгенін айтады.
Сөйтіп, жаппай төбелес суық қару қол­да­ну­ға ұласады. Соның салдарынан соңғы дерек бой­ын­ша 74 адам көз жұмған. Стадиондағы тәртіп­сіз­дік­терден кейін қалаға әскери бөлім­дер енгізіліпті. Жанкүйерлер мен олардың туыс­қандары ста­дион­дағы оқиғаға билікті кінәлап отыр. Жаппай  төбелеске билік арандатты. Өйткені, жанкүйерлер мысырлық төңкерілісшілер арасында  үлкен құр­метке ие. Сондықтан билік каирлық жанкүйер­лерді кінәлі етіп көрсеткісі келді, дейді олар.
Соңғы мәлімет бойынша, оқиғаға байла­ныс­ты 47 адам тұтқынға алынған. Бұл жөнінде елдің сыртқы істер министрі мәлімдеген. Оның айтуынша, кінәлілерді іздестіру жал­ғастырылуда.
Ал кеше Каир көшелеріне орын алған оқиғаға наразылық білдіріп, мыңдаған адам шықты. Акцияға қатысушылар Ніл өзенінің жағалауына тосқауыл қойып, бірқатар авто­жол­дарды жауып тастады. Қаланың басқа аудан­дарында да көшеге шыққандар бар. Олар уақытша мемлекет басшысы – Мысыр қарулы күштері Жоғары кеңесінің төрағасы маршал Хусейн Тантауиді жауапқа тартуды, тіпті өлім жазасына дейін кесуді талап етуде.
Осындай елді елең еткізген оқыс оқиғалар ауызбірлігі жоқ, берекесі кеткен елде орын алса керек.