««Қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында бизнестің жобасын қаржыландыру 2025-ші жылға қарай 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке 1,1 трлн теңге салық түсімдерін қамтамасыз етуге, «қарапайым заттар экономикасы» өнімдері импортының үлесін 59 проценттен 37 процентке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарламаларды іске асырудың ел экономикасына қосар үлесі 2025 жылға дейін 2,4 процентті құрайды. Бүгінде бағдарламаға екінші деңгейлі 5 банк қатысуда. Бағдарламаны іске асырған сәттен (ағымдағы жылғы ақпанның басынан бастап) бастап жалпы сомасы 35 млрд теңгенің 30-дан аса өтінімі түсті» деп атап өтті министр.
«Қарапайым заттар экономикасы» міндеттеріне тиімді қол жеткізу және қаражатты нақты кәсіпкерлерге жеткізу мақсатында Министрлік «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ұсыныстар жасады.
«Жобаларды субсидиялаумен қатар Қаржыландыру механизмі аясында несие кепілдігі инструменттерін қарастыру. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласындағы 1,8 млрд теңгеге дейінгі жобаларға жарамды кепілдік шегін 20%-тен 50%-ке дейінарттыру. Несие мөлшерінің 50%-не дейін айналым капиталын қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қаражатты өзге мақсаттарға жұмсауға жол бермеу мақсатында бөлінетін айналым қаражатын салықтық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу, кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу үшін пайдалануға және негізгі өндірістік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мақсаттарға тыйым салу ұсынылады» деді Роман Скляр.
«Қарапайым заттар экономикасы» тауарларының негізгі бөлігі құрылыс индустриясы, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі салаларына жататынын назарға ала отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жеңіл және жиһаз өнеркәсібін, құрылыс материалдарын дамытудың Жол картасы әзірленді.
Жол карталарының іс-шаралары жүйелік кедергілерді шешуді қамтамасыз етеді және қосылған құнның толыққанды тізбегін құруға және өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған. Бұл мәселені шешу үшін жоғары маржиналдық өнімдерді өндіру үшін қажетті отандық шикізат базасын дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Ішкі нарықты қорғау үшін кедендік әкімшілік және техникалық реттеу құралдарын жетілдіру жоспарлануда. Сапасы төмен өнімдерді бақылау күшейтіледі және қауіпті өнімдерді жою Ережелері жетілдіріледі. Осы салалардың өнiмдерiн сатуды ұлғайту және жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында реттелiп сатыпалынатын тауарлар бойынша қазақстандық үлестi арттыру ұсынылады.
«Ішкі нарықта отандық өнімді ілгерілету және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында отандық тауарлардың сауда желілерінде ұсынылуын арттыру шаралары әзірленетін болады. Кәсіпорындарды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын жасау кезінде бизнестің салалық қажеттілігі ескерілетін болады. Сондай-ақ, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, жобаларды іске асыру үшін осы салаларға инвестициялар тарту шаралары көзделген. Жалпы, осы салаларда шикізаттан дайын өнімге дейінгі барлық қосылған құнды өңдеу тізбегін дамыту мақсатын көздейміз» деп хабарлады министр.
Жол картасы 150-ден астам іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Сәйкесінше, орта мерзімді перспективада шығарылатын өнімнің реттеліп сатып алынуындағы қазақстандық қамтудың үлесі 50%-тен асады, өндірілетін өнімнің сапасы артады, контрафактілік өнімдердің көлемі төмендейді. Ұсынылған шараларды іске асыру жыл сайын құрылыс материалдарының, жеңіл және жиһаз өнеркәсібінің өнімдерін 73 млрд теңгеге өсіруге мүмкіндік береді (2019-2021 жылдар аралығында –219 млрд теңгеге).