«Ақтау теңіз портында» шекарашылар Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қылмыстарды тексеру қызметімен бірлесіп шетелден келген кемелердің бірін тексеру кезінде, арнайы құралдардың көмегімен 12 контейнер, акциздік маркасы жоқ темекі өнімдерін тауып алды. Санақ қорытындысы бойынша әртүрлі маркалы 16 349 қорапқа салынған 797 738 блок (8 041 080 пачка) темекі анықталды. Жалпы құны есептелініп жатыр.
Контейнерлер мөрленіп «Ақтау теңіз портының» уақытша сақтау қоймасына тапсырылды.