Екі күнге жалғасқан жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 6 қола жүлдеге қол жеткізді.
90 келіден жоғары салмақ жәрежесінде белдескен балуанымыз Жұрқамырза Шүкірбеков қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанса, Алима Жұмағалиева (-40 кг), Амандық Ермахан (50 кг), Нұрқанат Серікбаев (-50 кг), Әділ Марлен (-60 кг), Атабек Тұрлыбаев (-73 кг) және Қайратбек Сәбит (-90 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жасөспірімдер арасында өткен Еуропа ашық кубогіне әлемнің 16 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысты.