Бүгін таңертеңнен қала көшелеріне қару-жарақ асынған арнайы жасақ пен әскери техника енгізілді. Осыған орай қала әкімдігі тұрғындарды сабырға шақырып, оқу-жаттығудың маңызын түсіндіруде.
- Оқу-жаттығу арнайы қызметтердің ұйымдасуымен өтуде. Мұның мақсаты террорлық қауіп-қатерден сақтану мен жедел әрекет ету жаттығуларын пысықтау. Осыған байланысты қаланың кейбір көшелері жабылып, жүріске шектеу қойылды. Тұрғындардан түсіністік танытып, үрейленбеуін сұраймыз, - деп жазылған Текелі қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы