Бокс • 05 Наурыз, 2019

Боксшылар Хельсинкиде күш сынасады

1043 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Финлияндияның астанасы – Хельсинкиде бокстан Gee Bee халықаралық турнирі өтеді. 

Боксшылар Хельсинкиде күш сынасады

Айтулы жарыста Қазақстанның туы астында 11 былғары қолғап шебері өнер көрсетеді. Олар – Ержан Жомарт (49 кило), Азат Махметов (52 кило), Жанболат Қыдырбаев (56 кило), Бағдат Уайдаев (60 кило), Мирасәлі Сәрсенов (64 кило), Талғат Шәйкен (69 кило), Тимур Ержанов (81 кило), Нұрбек Оралбай (75 кило), Тимур Ержанов (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+ 91 кило).

Осы турнирге біз таяуда Болгария мен Венгрияға бармаған боксшыларды апаруды жөн көрдік. Олардың арасында сақа спортшылармен қоса, қатарымызға енді ғана қосылған жалынды жастар да бар. Биыл Gee Bee турнирінде Ресей, Үндістан, Таиланд, Англия, Қырғызстан, Балтық жағалауы елдері және басқа да командалар келеді деп күтілуде, – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.       

Былтыр дәл осы турнирде Қазақстанның боксшылары керемет өнер көрсеткен болатын. Біздің былғары қолғап шеберлері арасынан Қайрат Ералиев (56 кило), Абылайхан Жүсіпов (69 кило), Бек Нұрмағамбет (81 кило), Василий Левит (91 кило) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кило) бас жүлдені олжаласа, Олжас Байниязов (52 кило) күміс медальді иеленді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»