Облыс әкімі Алтай Көлгінов қаланы қардан тазалау жұмыстарын көру үшін кезекті тексеріс жүргізді. Коммуналдық қызметтердің өкілдері шаһар көшелерін қардан тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Өз кезегінде қар тазалау мен шығару жұмыстарының қарқынын арттыру туралы тапсырма берілді.
Бұдан басқа, облыс әкімі коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң бақылауды тапсырды. Ол сондай-ақ қар тазалауды жылдамдату үшін қала басшылығына кәсіпорындары мен ұйымдарынан қосымша техникаларды тартып, су басу қаупі бар жерлерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Әкімнің айтуынша, барлық техникалар көшеде күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек.