15 Ақпан, 2012

Есеп-шоттарда – қыруар қаржы

325 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Есеп-шоттарда – қыруар қаржы

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:18

Үндістан орталық тергеу бюросының басшысы Амар ПратапСингхтің хабарлауынша, елден заңсыз шыға­рылған және әлембойынша Үндістанның офшорлық есеп-шоттарда 500 миллиарддолларға жуық қаржысы жатыр.

Оның атап өтуінше, соңғы жылдары үндістандық азаматтар Швейцария банктерінің ірі салымшылары атана бастады. Сол қаражаттардың жартысынан көбі сыбайлас жемқорлық жолымен, сондай-ақ салықтан жалтару жолымен шетелге аударылған қаржылар. Ақпанның басында Үндістан соты байланыс қызметін көрсетуші 122 тұлғаның лицензиясын кері шақырып алу туралы қаулы қабылдады. Тексеру барысында олардың бюджетке 40 миллиард доллар шығын келтіргені анықталды.

 

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:18

Үндістан орталық тергеу бюросының басшысы Амар ПратапСингхтің хабарлауынша, елден заңсыз шыға­рылған және әлембойынша Үндістанның офшорлық есеп-шоттарда 500 миллиарддолларға жуық қаржысы жатыр.

Оның атап өтуінше, соңғы жылдары үндістандық азаматтар Швейцария банктерінің ірі салымшылары атана бастады. Сол қаражаттардың жартысынан көбі сыбайлас жемқорлық жолымен, сондай-ақ салықтан жалтару жолымен шетелге аударылған қаржылар. Ақпанның басында Үндістан соты байланыс қызметін көрсетуші 122 тұлғаның лицензиясын кері шақырып алу туралы қаулы қабылдады. Тексеру барысында олардың бюджетке 40 миллиард доллар шығын келтіргені анықталды.

Мүфти орынбасарына қастандық жасалды

Ставрополь мүфтиінің орынбасары Құрман Исмаилов қастандықсалдарынан мерт болды. Ресей тергеу коми­тетінің өкілі ВладимирМаркиннің айтуынша, оның автомәшинесіне қуаты 400 грамм тротилболатын бомба қойылған.

Ресми өкілдің хабардар етуінше, мүфти орынбасарының өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары әртүрлі бағыт бойынша жүргізілуде, оның ішінде Қ.Исмаиловтің қызметіне қатысты тексеру жүзеге асырылып жатыр. Интерфакс агенттігінің таратқан ақпа­рат­тарына қарағанда, Исмаилов университетті бітірген соң, Мәскеуде аудармашы және мұғалім болып жұмыс істеген. Кейін өзінің туған жеріне оралған көрінеді. Исмаиловтің өліміне қатысты кейбір ақпараттар оның өлті­рілуі кәсіби қызметіне байланысты дегенді алға тартады.

 

Түбектегі жағдайды дұрыстаса игі

Америкалық дипломаттар 23 ақпанда Пекинде Солтүстік Кореяөкілдерімен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттікдепартаментінің сайтында хабарланды.

АҚШ делегациясын КХДР жөніндегі арнайы өкіл Глин Дэвис, солтүстіккореялықтарды КХДР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ким Ге Гван бастап барады. АҚШ мемлекеттік департаментінің ақпараттарында, сондай-ақ кездесу барысында талқыланатын тақырыптар жөнінде де айтылған. Соның бірі әрі ең бастысы – 2011 жылғы Нью-Йорк пен Женевадағы кездесулер кезіндегі мәселелерді әрі қарай жалғастыру. Бұл кездесулерде КХДР-дың ядролық қарусыздану туралы тақырыптар қозғалған еді. Халықаралық сарап­шылардың бағалауынша, аталған кездесу Корей түбегіндегі жағдайды жақсартады.

 

Дінге тіл тигізбеген жақсы

Сауд Арабиясында Мұхаммед Пайғамбарға тіл тигізгені үшін журналист Хамза Кашгари тұтқынға алынды. Франс-пресс агенттігінің ақпараттары бойынша 23 жастағы ол Малайзиядан Эр-Рияд әуежайына қонған сәтте тұтқындалған.

Аталған агенттіктің ақпараттарына қарағанда, Хамза Кашгариді тұтқындау туралы ордерді Саудия Королі Абдулла берген. Бұл мемлекеттің заңнамаларына сәйкес исламды балағаттаған адам өлім жазасына кесіледі. Ал Хамза Кашгари Эр-Риядтан Малайзияға қашып кеткен көрінеді. Осы елдің билігі саудиялықтарға түсіністікпен қарап, оны Сауд Арабиясына қайтару жөнінде шешім қабылдаған.

 

ЗІЛЗАЛА ҚУАТЫ 6 БАЛЛДАН АСТЫ

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, «Фукусима-1» атом электр стансасы орналасқан ауданда күшті жер сілкінісі болған. Оның қуаты 6 баллдан асқан деген болжам айтылуда. Зілза­ла­ның эпицентрі Токио қаласынан 165 ша­қы­рымдай жердегі Хонсю аралында болған.

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, зілзала қуаты 6,2 баллға жеткен, ошағы жерден 10 шақырымдай тереңдікте. Зілзала әсері ел астанасы – Токиода, басқа да өңірлерде байқалған. Адам шығыны жоқ, бүлінген ғимараттар жөнінде ақпарат түспеген. Жапонияда 2011 жылғы 11 наурызда қуаты 9 баллдық жер сілкінісі болған еді. Соның салдарынан «Фукусима-1» атом электр стансасында апаттық жағдай орын алған-ды.

 

ӨЗБЕКСТАН 20 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНДА ТҰР

Америкалық «The Daily Beast» басылымының жазуынша, Өзбекстан рейтинг бойынша әлемде сыбайлас жемқорлық жайлаған 20 елдің қатарында тұр.

Аталған басылым бұл мәліметті халықаралық үкіметтік емес ұйымның деректеріне сүйене отырып келтірген. Ұйым­ның хабардар етуінше, олар әлемнің 183 мем­­лекетінің жемқорлыққа қатысты рейтингін салыс­­тырған. Тізімде Өзбекстан соңынан санағанда бесінші қатарда тұр. Ал басылым мұны елдегі сөз бостандығына қысым жасалатынымен байланыстырады.

Қысқа қайырып айтқанда:

Әлемдегі ең қымбат қала ретінде Швейцарияның Цюрих қала­сы танылды. Бұған дейін Токио қаласы атанып келген еді.

Швеция Чешенстан азаматы Эмильхан Садаевты тұт­қыннан босатты. Ол Аслан Масхадовтың сенімді адам­дары­ның бірі болған. Енді ол Швециядан саяси баспана сұрауы мүмкін.

Брянск облысының Климов ауданына қарасты Сачкович елді ме­кеніндегі сайлау учаскесіне орнатылған веб-камера қолды болды.

АҚШ-та 23 миллион сайлаушының тіркелуінде бұрмалау­шылық орын алғандығы анықталды. Бұл тіркелген сайлау­шы­лардың біраз бөлігін құрайды. Олардың 1,8 миллионы қайтыс болғандар көрінеді.

Мюнхен әуежайында үздіксіз жауған қар салдарынан ұшақ рейстері кейінге шегерілуде. Әуежай қызметкерлері ұшу-қону алаңын қардан тазарта алмай жатыр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.