Қазақстан • 06 Наурыз, 2019

Мемлекет дамуының негізгі бағыттары айқындалған

1191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастаған «Нұр Отан» партиясының екі онжылдықта адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауқымды реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан танымал партияға айналғанын нық сеніммен айтамыз.

Мемлекет дамуының негізгі бағыттары айқындалған

Съезд делегаттары «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі дамудың жаңа бағдар­­ламасын қабылдады. Онда стра­тегиялық мақсаттың ауқымы мен алдағы онжылдықтағы қоғам мен мемлекет дамуының негізгі бағыттары айқындалған.

Мемлекет басшысының әлеу­меттік қолдауды күшейту және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ауқымды шаралары ұсынылған «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі тарихқа енді. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапа­сын көтеру, аз қамтылған азамат­тар­дың тұр­ғын үй мәселелерін шешу, білім беру мен денсаулық сақ­тау­ды жақсарту, өңірлерді кешенді дамытудың бірінші кезектегі міндеттері белгіленді. Осылайша халықты мемлекеттік қолдаудың ауқымды шаралары іске асатын болады.

Қомақты әлеуметтік инвестициялар халықтың мемлекеттік қолдауды қажет ететін әртүрлі топтарын қамтиды, оның ішінде табысы төмен отбасылар да бар. Күнкөрістің төменгі деңгейі бо­йынша атаулы көмек көрсету шегін 70 пайызға арттыру ар­қылы табысы аз отбасыларды қолдау ауқымы ұлғаяды. Көп ба­ла­лы отбасылардағы әрбі­р балаға ең төменгі төлем 20 789 теңгені құрайды. Соны­мен қатар мүгедектігі бар ба­лалар­ды тәрбиелейтін ата-ана­ларға, қамқоршыларға және от­басыларға (тұлғаларға) бері­летін жәрдемақылар 30 пайызға артады. 2019-2021 жылдарда бұл шараларға 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Сондай-ақ мемлекеттік қол­дау көп балалы отбасылардың ересек мүшелерін жұмыспен қам­тамасыз етуді де қамтиды.

Одан басқа, азаматтар үшін тұрғын үйге қол жет­кізу мүм­кін­діктерін арттыру жөнін­дегі жұмыстар күше­йе түсе­ді. «Нұрлы жер» бағдар­ла­масы аясында көп балалы, аз қамтылған отбасыларға арнап 40 мың­нан астам жалға берілетін пәтер­лер салынады. Сол үшін жыл са­йын 50 миллиард теңге қо­сым­­ша бөлінеді. Сонымен қа­тар осы санаттағы адамдар үшін Мем­­­­лекет басшысы «Тұр­ғынүй­құр­ы­лысжинақбанкі» жүйесі ар­қылы жылына 2-3 пайыздық тұр­ғ­ын үй қарызын берудің жеңіл­де­тілген тетігін әзірлеуді тапсырды.

«Нұр Отан» партиясының бүгінгі съезі Қазақстан өз аза­мат­тар­ы­ның әл-ауқатын қамтамасыз ету­ге бағытталған ерекше үлгі­дегі әлеуметтік мемлекет екенін тағы да дәлелдеді.

Сергей ЕРШОВ, 

Сенат депутаты