Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Төл тарихымызды түгендеу тетігі

1106 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміз бойынша архив ісін дамытуда жағымды және ауқымды өзгерістер жүргізіліп жатыр. Архивтерде сақталатын ақпарат мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық-мәдени дамуында ерекше орын алатын ұлттық стратегиялық байлық ретінде қорғалуда, қоғамның архив қызметіне қызығушылығы артуда.

Төл тарихымызды түгендеу тетігі

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлігінде «ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құралған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баса мән беру керек» деген болатын. 

Патша өкіметінің отарлау саясаты кезінде Арал теңізіне қатысты көптеген құнды құжаттарымыздың Орынбор, Санкт-Петербург, Орск, Ташкент архивтерінде сақталғаны белгі­лі. 1936 жылы С.Назинде «Револю­цияға дейінгі Ресейдегі архив ісінің тарихы» атты еңбе­гін­де өлкемізге қатысты құнды құжат­тар­дың қандай тағылықпен, өшпен­ділікпен жойылғаны тура­лы былай деп баяндайды: «Особенно грустно была для нас гибель комендантского архива Орской крепости – более 200 (пудов) дел было продано на наших глазах, потому что не было никакого способа воздействовать на военное начальство. Между тем в этом архиве заключались дела о военной экспедиций, о выступлениях Аральской флотилии, которая играла большою роль, помогая с воды с Аральского моря и с Амударьи и Сырдарьи нашим войскам; здесь были дела сосланных разных националистей, между прочим о французских пленниках, дела о поэте Т.Г.Шевченко и многие другие и все это погибло на наших глазах», деп атап көрсеткен болатын. 

Қазақстанның шынайы тарихын жазып шығып, ұлттық идеологиямызды қалыптастыру жөнінде Елбасының берген тапсырмасын орындауға тарихшылар мен архив мамандары жұмыла атсалысуы қажет деп ойлаймын. «Архив – халық қазынасы» десек, мұнда сақталатын тарихи деректерді пайдаланып, ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың ортақ парызымыз.

2004 жылы «Мәдени мұра» мем­ле­кет­тік бағдарламасы қабыл­­данғаннан кейін облыстық мұ­ра­­ғаттар мен құ­жат­­тама бас­қар­ма­сының ұйым­дас­ты­р­уымен шетел архивтеріндегі Сыр өңі­рі­не қатысты құнды құжаттар көшір­­мелерін алу жұмыстары бары­­сын­да Арал теңізінде пристань, бекініс және қала салу туралы 1730-1740 жылдардағы хат алмасулар, Арал флотилиясына құрылыс материалдарын жіберу туралы, 1856 жылғы, Арал-Каспий нивилировкасын жүргізу туралы 1874-1880 жыл­дар­дағы хат алмасулар және т. б. құжаттар облыстық архив­ке қабылданды. Сондай-ақ 1990 жылы Санкт-Петер­бургтегі Ресей мемлекеттік әс­ке­ри теңіз флоты архивінен Арал әскери теңіз флотилиясының 1919-1920 жылдардағы қызметі туралы құжат­та­ры­нан деректер айқындалып, бірнеше құжат көшірмесі алынды. Әлі де болса, Арал флотилиясының материалдарын толығырақ алдырып пайдалануды қажет етеді. Қазіргі күні Арал өңіріне қатысты Қазалы уезінің құжат­тарын Ташкент, Орынбор, Мәс­кеу архив­терінен іздестіруге болады. Орынбор архивіндегі Сырдария экспедициясын ұйым­дас­тыру туралы құжаттары, генерал-майор Г.Ф.Генстің Арал бекінісін салу туралы жазбалары, С.Н.Севастьяновтың ХІХ ғасырдағы Құланды түбегіне сапары туралы, Орынбор темір жолының салынуы туралы, Мәскеудің мемлекеттік архивінен Арал теңізі жағасынан қала тұр­ғы­зу сияқты құжаттардың кө­шір­­­мелерін алуға болады. Сон­­дықтан «Архив-2025» бағдарламасы аясында төл тарихына қатысты отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жанынан (архивист, археограф) арнайы топ құрып іссапарларға жіберу жолдарын қарап, әке­лін­ген құжаттар көшірмелері тарихшыларға, деректанушылар мен өлкетанушыларға таныстырылып, өлке тарихының ашылмаған қырларын ашуға септігін тигізері сөзсіз.

Қазіргі таңда Арал аудандық архи­він­де сақталатын құжаттар көлемі 54230 мың құжат сақ­тау бірлігін құрай­ды десек, жыл сайын 1,5-2 мыңға жуық құжат сақтауға қабылдануда. «Электронды архив» ақпараттық жүйе­сі бойынша жылына орта есеппен архив құжаттарының 141700 парақ сандық форматқа өткізу жоспарланса, бүгінге дейін 562333 парақ сандық форматқа өткізіліп отыр. 

Ауданымызда «Электронды архив» бағдарламасын жүзе­ге асы­руда біршама істер атқарылуда. Архившілердің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақ­ст­ан Республикасының, алыс және жақын шетелдердің жеке және заңды тұлғаларының өті­ніш­­тері мен сұранымдарын уақтылы және сапалы орындау. Осы мақ­сат­та «Архивтік анықтама беру» электронды мемлекеттік қызмет түрін халыққа ұсынуда аталған бағдарламаның маңызы зор болып отыр. Қазіргі таңда «Жеке және заңды тұлға­лар­дан» жылына келетін 1500-2000 өтінішті «Электронды архив» бағдарламасын «E-gov.kz» үкімет парталы арқылы жылдам әрі сапалы беру орындалып отыр.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала­сын­дағы «Архив-2025» жеті­жылдық бағ­дар­­­ла­масын даярлау тапсырмасы архив сала­сының сұранымына, тари­хымызды, мәдениетімізді сақ­тап қалуға және кейін­гі ұр­пақ­қа жеткізуімізге тың сер­пін берері сөзсіз.

Болатбек ҚУАТОВ, 

Арал аудандық архивінің басшысы 

Қызылорда облысы