21 Ақпан, 2012

Гауктің кандидатурасын қолдады

261 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Гауктің кандидатурасын қолдады

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:14

Германия канцлері Ангела Меркель белгілі құқық қор­ғаушы Иоахим Гауктің кандидатурасының ел президент­тігіне ұсынылуын қолдайтынын мәлімдеді.

Гауктің кандидатурасы туралы ұсынысты Христиан Вульф отставкаға кеткеннен кейін оппозициялық социал-демо­кра­тиялық партия мен жасылдар ұсынған болатын. Осы орайда, 2010 жылы Меркельдің христиан-демократ Вульфты қолдай отырып, Гауктің кандидатурасына қарсы шыққанын айта кету керек. 72 жастағы Иоахим Гаук бұрынғы ГДР-де құқық қор­ғаушылық және диссиденттік қызметімен мәлім болған адам.

 

Сейсенбі, 21 ақпан 2012 8:14

Германия канцлері Ангела Меркель белгілі құқық қор­ғаушы Иоахим Гауктің кандидатурасының ел президент­тігіне ұсынылуын қолдайтынын мәлімдеді.

Гауктің кандидатурасы туралы ұсынысты Христиан Вульф отставкаға кеткеннен кейін оппозициялық социал-демо­кра­тиялық партия мен жасылдар ұсынған болатын. Осы орайда, 2010 жылы Меркельдің христиан-демократ Вульфты қолдай отырып, Гауктің кандидатурасына қарсы шыққанын айта кету керек. 72 жастағы Иоахим Гаук бұрынғы ГДР-де құқық қор­ғаушылық және диссиденттік қызметімен мәлім болған адам.

Сирия елшісін шақырып алды

Сирия Египеттегі өз елшісін кері ша­қырып алатындығы туралы мәлімдеме жасады.

Дамаскінің бұл шешімі Каирдің іс-әре­кетіне қарсы жасалған қадам болып отыр. Бұл туралы Египеттің сыртқы істер минис­трлігі хабарлады. 17 ақпан күні мың­даған египеттіктер ел астанасының орталығында Сирия өкіметіне қарсы ұйымдастырылған ереуілдерге қатысқан болатын. Сонымен бірге, қарсылық акциясына қатысушылар Сирия елшісін Египеттен шығару жөнінде де талаптар қойған.

Түрмеде шыққан ереуіл

Мексиканың солтүстігіндегі Монтеррей қаласындағы түрмелердің бірінде тәртіпсіздіктер орын алып, соның салдарынан шамамен 40 адам қаза тапқан.

Мексиканың Нуэво-Леон штатының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі баспасөз хатшысы Хорге Домене Замбраноның мәлім­деуінше, ереуіл түнгі сағат 2.00-де басталған. Соттал­ғандар жанжал шығарып, күзетшілердің бірін кепілдікке алған. Ізінше тәртіп­сіздіктер түрменің өзге де блоктарына ауысқан. Тек екі сағаттан кейін ғана билікке ахуалды бақылауға алудың сәті түскен көрінеді.

Саркозидің сасатын түрі жоқ

Франция президенті Николя Саркози өзінің сайлауалды науқанын Марсельде бұқаралық митингімен бастады.

Жақтастарының алдында сөз сөйлеген ол өзі жүргізген экономикалық саясаттың Францияны дағдарыстың ең бір ауыр зардаптарынан қорғап қалуға жағдай туғызғанын мәлімдеген. Сонымен бірге ол «дәстүрлі құндылықтарды» қорғаудың өзінің басты саяси мақсаттарының бірі болатынын да атап көрсеткен. Бүгінде социалист Франсуа Олланд Саркозидің бас­ты бәсекелесі болады деп саналып отыр. Қазіргі кезде оның рейтингі мемлекет басшысынан 5-8 пайызға жоғары тұр.

Бағдадтағы жарылыс

Ирак астанасы Бағдад қаласында полиция академиясының жанында жанкешті терроршы өзін-өзі жарып жіберген.

Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 26 адам түрлі дене жарақаттарын алған көрінеді. Жарылыс оқуға жаңа қабылдан­ғандар ғима­рат­тан шыға берген сәтте орын алған. Алдын ала мәлім болғанындай, рүлінде жанкешті отырған автомобиль жарылыс күшінен аспанға бір-ақ ұшқан. Әзірге бірде-бір топ терракт үшін жауапкершілікті өз мойындарына алмай отыр.

Сайлаудың  қашан өтері белгісіз

Египеттің сайлау комиссиясы елде өтетін президент сайлауының нақты күнін кейінірек хабарлайтын болады.

Комиссия төрағасы Фарук Султанның мәлімдеуінше, шетелдерде тұратын египеттіктердің дауыс беруін ұйымдас­тыру­дың күрделілігіне байланысты  комиссия әзірге сайлаудың өтетін нақты күнін келісе алмай отырған көрінеді. Бұған дейін Египеттің жаңа президентін сайлау 2012 жылғы шілденің соңына дейін өтеді деп хабарланған болатын. Президент сайлауының нақты күнін таяу уақыттарда Жоғарғы сайлау комиссиясы мәлімдеуге тиіс.

Қар астынан табылған адам

Швеция тұрғыны қар астында көміліп қалған мәшинеде тамақсыз, сусыз екі ай уақыт өткізген.

Жергілікті газеттің жазуына қарағанда, автоәуесқой тірі қалған, тіпті ешқандай зардап та шекпеген тәрізді. Петер Скиллберг есімді 45 жасар ер адамның ғайыптан аман қалуы туралы хабар бүкіл елге тарап үлгерді. Оны Умео қаласына жақын орман ішінен жергілікті тұрғындар тауып алған көрі­неді. Автомәшине ішінде екі ай бойы қамауда болған адамды құтқарушылар мен медиктер зембілге салып алып кеткен.

Испандар еңбек реформасына қарсы

Бір миллионнан астам испандар өт­кен аптада үкімет қабылдаған еңбек реформасына наразылық белгісі ретінде көшелерге шықты.

Ұйымдастырушылар келтірген мәлімет­терге қарағанда, бұл 1988 жылдың басынан бері Испанияда өтіп отырған ең ірі нара­зылық акциясы. Оппозициялық Испания социалистік жұмыс­шы партиясы мен кәсіподақтар испан үкіметі қуаттаған еңбек реформасы жұмысшылардың құқықтарына қысым жасайды деп есептейді. Ел үкіметі қуаттаған заң жобасы бойынша жұ­мыс беруші әр жұмыс істеген жылы үшін 33 күн мөлшерінде жәрдемақы төлей отырып, қызметкерді жұмыстан шығарып жіберуге құқылы. Бұрын бұл көрсеткіш 45 күнді құрайтын.

Иран жаңа клиенттер іздемек

Иран британ және француз компанияларына мұнай жеткізіп беруді тоқтатты.

Осы елдің мұнай министрлігінің сайтында келтірілген мәлім­демеде министрлік өкілі Али Реза Никзад мұнайды бұдан былай жаңа клиенттерге сататындарын мәлімдеген. 23 қаңтарда Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде Иран мұнайына эмбарго қоюды қуаттаған болатын. Оған сәйкес 1 шілдеден бастап Еуроодаққа мүше Теһраннан мұнай сатып алушы барлық елдер Иран импортынан бас тартуы тиіс. Сөз орайында Иранның Еуропаға мұнай импор­тының шамамен 68 пайызының Грекия, Италия және Испания үлесіне тиесілі екенін айта кету қажет.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.