Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орынбасарларын қабылдады

784 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 5 наурыз күні орынбасарлары Олжас Смағұлов, Марат Тоқжанов, Қайрат Бекеновтің, сонымен қатар, олар жетекшілік ететін басқарма басшыларының 2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есептерін тыңдады. 

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орынбасарларын қабылдады

Обыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамикасын атап өтті.

Есептердің қорытындысы бойынша, Оңдасын Оразалин Елбасы қойған барлық тапсырмалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты, соның ішінде экономиканы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, бюджет қаражатын үнемдеу, мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысты  бірқатар нақты тапсырмалар берді.