Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңсеге барды

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңсеге барды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңсеге барды

Өңір басшысы келушілермен әңгімелесіп, Халықтық кеңседе орналасқан Халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту,  көші-қон қызметі, құқықтық, цифрлық қызмет көрсету орталықтарының, сонымен қатар,   «Қазпошта» және БЖЗҚ бөлімшелерінің жұмыс сапасымен танысты.  

Халықтық кеңсенің барлық қызметтері «бір терезе» қағидасымен көрсетіледі. Қала тұрғындары мемлекеттік органдардың қабылдауына жазылып, арыз қалдырып, баспанаға, балабақша мен жерге кезекке тұрып, кәсіпкерлерге қажет бизнесті дамыту және мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес ала алады. Мұнда жалпы, 600-ден аса түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Осы жылдың ақпан айында Шалқар ауданында Халықтық кеңсе ашылған болатын.

Оңдасын Оразалин мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейі Елбасы тапсырмасы аясында халықтың тұрмыс сапасын көтеру көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, Халықтық кеңсенің жұмысына оң бағасын берді.