Технология • 06 Наурыз, 2019

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қандай көмек көрсетіледі

1541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімдігі жанынан зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупінің салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қандай көмек көрсетіледі

Жергілікті полиция қызметінің басқару жүйесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімше жұмыс істейді. Бөлімше қызметінің басты бағыты – әйелдердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға қатысты құқық бұзушылық деңгейін төмендету. Бөлімше қызметкерлері тұрақты негізде 71-60-63 сенім телефондары бойынша түсіндірме жүргізеді (жұмыс күндері).

«Өтініш білдірген кезде зардап шеккен әйелдердің құқықтарын қорғау шаралары қабылданып, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі. Сенім телефондары интернет желісінде, қалалық полиция департаментінің веб-сайтында, сондай-ақ 2 ГИС мобильдік қосымшасында көрсетілген. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін 1409 нөмірі бойынша тегін заңгерлік, психологиялық кеңес беру бойынша call-орталықтары жұмыс істейді», – деп хабарлады жергілікті полиция қызметінде.

ӘЗҚБ-ның бақылаушылары күн сайын азаматтарды қабылдап, құқықтық және психологиялық кеңес береді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық салада құқыққа қарсы әрекет жасаған құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бұдан басқа, қала әкімдігі жанынан зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупінің салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы жұмыс істейді (тәулік бойы сенім телефоны: 49-78-89).