Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Елордалық полиция қызметкерлері ұрланған екі телефон тәркіледі

974 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 2-3 наурыз күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара аясында қолданылған ұялы телефондарды сататын және оларды жөндеумен айналысатын объектілерде рейд өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық полиция қызметкерлері ұрланған екі телефон тәркіледі

Аталған рейдтік іс-шаралар бөтеннің ұрланған мүлкін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ ұрланған ұялы телефондарды табуға және ұрланған гаджеттерді сатып алатын тұлғаларды анықтауға бағытталған. «Рейд барысында қолданылған смартфондарды сату бойынша 200 сауда орындары, оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді.

Полиция қызметкерлері растайтын құжаттары жоқ 1650 ұялы телефонның (көпшілігі «Самсунг» және «Айфон» маркалы телефондар), 50 ноутбуктың есебі бойынша IMEI-кодтарын салыстыруда және тексеруде»,- деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі кезде ұрланған телефон ретінде есепте тұрған тоғыз мобильді телефон анықталды және алынды, оның ішінде екеуі 2014 және 2015 жылдары Алматы қаласында ұрланған. 

Алынған мобильді телефондар қылмыстық өндіріс материалдарына қоса тігілді. Ұрланған телефондарды сатумен айналысатын адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар полицейлер біле тұра қылмыс жолымен табылған мүлікті сатып алу және сату фактілерінің алдын алу және ескерту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.