Әлем • 06 Наурыз, 2019

Қазақстандық футболшы қыздар Түркиядағы турнирде бестікке енді

1031 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан әйелдер командасы Түркияда өтіп жатқан «Turkish Women's Cup 2019» халықаралық турнирінде 5-ші орын иеленді деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық футболшы қыздар Түркиядағы турнирде бестікке енді

Бесінші орынға таласта біздің құрама Үндістанды пенальти арқылы 4:3 есебімен жеңген. 

Он бір метрлік айып добын Карина Жұмабайқызы, Юлия Мясникова, Бибігүл Нұрышева, Камила Құлмағамбетовалар дәл орындады.