Әлем • 06 Наурыз, 2019

Нұрсұлтан Мамаев Ирандағы «Fajr open» турнирінде күміс алды

924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Киш аралдарында таеквондодан G1 санатындағы «Fajr open» рейтингілік турнир аяқталды. Екінші жарыс күнінде қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев жүлдеге ілікті деп хабарлайды Olympic.kz.

Нұрсұлтан Мамаев Ирандағы «Fajr open» турнирінде күміс алды

Мамаев 68 келіде сынға түсіп, финалда ғана сүрінді. Нәтижесінде, турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Еске сала кетейік, турнирдің бірінші жарыс күнінде алты қазақстандық спортшы тұғырдан көрінді. Смайыл Дүйсебай (87 келі) мен Айгүл Елубай (57 келі) алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар