Кездесу мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысындағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Шараның мақсаты – теміржол көлігі саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау.
Кездесу барысында теміржолшылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат және тақырыптық бейнероликтер ұсынылды.
«Теміржолшылар әрқашан өз жұмыстарына адалдық танытуда үлгі бола білді. Сондай-ақ ал темір жол – сенімнің және тұрақтылықтың нышаны. Ұжымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттық-түсіндірме іс-шаралары 2019 жылдың негізгі міндеттері қатарына кіргізілген», деп атап өтті ЖТ Ақмола бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов.
Теміржолшыларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын қатаң сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ заңбұзушылық фактілері туралы жедел хабарлауға шақырды.