Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Қызылорда облысында «Нұр Отан» партиясының съезінде көтерілген мәселелер талқыланды

742 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысына Сенат депутаттары Мұрат Бахтиярұлы мен Бекмырза Еламанов арнайы жұмыс сапарымен келді.

Қызылорда облысында «Нұр Отан» партиясының съезінде көтерілген мәселелер талқыланды

Медицина мамандарымен кездесу барысында Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде көтерілген мәселелер бойынша анықтамалар айтылды.

- Елімізде сапалы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін ең бірінші мамандардың еңбек ақыларын көтеру басты назарда. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап орта буын қызметкерлерінің айлық жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады. Қазіргі уақытта медицина саласын сандық форматқа көшіру жүзеге асырылып жатыр. Бұл медицина саласын қағазбастылықтан арылтуға апаратын бірден-бір жол және сапалы, аз уақыт ішінде қызмет көрсету мүмкіндігін береді, - дейді Мұрат Бахтиярұлы.

Ал, Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов елiмiздi одан әрi дамытуда, бағдарламаны өңірлерде жүзеге асыруда сапалы заңнамалық қамтамасыз етудiң маңызды екенiн атап, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамаларға түсінік берді.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

  Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар