Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және теміржол вокзалы өкілдерінен құрылған жұмыс тобы тексеру жүргізген еді.
"Соның нәтижесінде 36 жолаушы пойызы тексеріліп, 31 билетсіз жолаушы анықталды. Сондай-ақ, пойыздарда 5 өртке қарсы қондырғы, 14 санитарлық бұзушылық және де өзге 75 бұзушылық анықталды. Заңды аяқтан басқан 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Гүлмира Пірназарова.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жолаушы поездарының қызмет сапасы, жол құжатынсыз қатынайтын жолаушылар, вокзалдардағы билетті алыпсатарлар бойынша да видеолар мен суреттер көбеюіне байланысты бірлескен тексеру жұмыстары жүргізген екен.
Осыған байланысты 107 теміржолға қарасты шарушылық субьектілері тексеріліп, тексеру нәтижесінде 961 бұзушылық анықталған. Қортынды бойынша 22 кірме теміржолдарды, 7 станциялық және 39 бағыттамалы бұрмаларды уақытша пайдалануға тыйым салыныпты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы